Өскемен
ясно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +16°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

2 шілде: Әлемдік таңғы жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы әлемдік саясат пен экономика саласында болып жатқан кейбір маңызды жаңалықтарды ұсынуды жөн көріп отыр

АҚШ ядролық бомба жарып, сынақ өткізді

АҚШ-тың Қарулы Күштері 9 маусым күні ядролық бомбаны басқаруға құпия тестілеу жасады, деп хабарлайды РОСБАЛТ.

Невада штатында жасалған екі сынақ та сәтті өткен.

- Жасалған сынақ В61-12 жобасы аясында әзірленген ядролық қарудың ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жарамды екендігін дәлелдеп отыр, - дейді АҚШ-тың Ядролық қауіпсіздік әкімшілігі.

АҚШ Солтүстік Кореяның бір жылдың ішінде ядролық қарудан толық тазарғанын қалайды

Ақ Үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон Солтүстік Кореяның негізі ядролық қару-жабдықтары бір жылдың ішінде жойылуы керектігін ескертті, деп хабарлайды Корреспондент.net.

- Егер Солтүстік Корея бізбен шынайы серіктес болғысы келсе, онда ядролық қарудан жедел түрде бас тартып, ядролық бағдарламаны бір жылдың ішінде жоюы тиіс, - дейді ол.

Сирияның Алеппо аймағында атыс болды

Бұл аймақта атыс ұйымдастырмау туралы Ресей, Иран, Түркия елдері арасында келісім жасалған болатын. Алайда Сирияның Алеппо мен Латакия аумағында заңсыз қарулас топтар пайда бола бастады. Бұл жайында Ресейдің әскерилері хабарлап отыр.

Генерал-майор Алексей Цыганковтың айтуынша, үш елдің арасында жасалған келісімке қайшы келетін әскери әрекет орын алып, бір күннің ішінбе бұл аймақта бірнеше атыс болған. Ал провинциядан қашқан тұрғындар қазір Алеппоға қайтып жатыр.

Жерорта теңізіне босқындар отырған қайықтар батып кетті

Үш күннің ішінде 200 мигрант суға батып, ажал құшты. Мигранттар жөніндегі халықаралық ұйымның хабарлауынша, Ливия жағалауында Еуропаға қашпақ болып, мерт болған босқындардың саны күрт көбейген.

- Контрабанда өкілдері Еуропаға босқындарды барынша көбірек жеткізуге тырысады. Өйткені Еуропа мемлекеттері жақын арада шекараны жауып, босқындарға қарсы қолданар шараны күрт күшейтуі мүмкін, - дейді Ливиядағы ММҰ-ның басшысы Отман Белбейси.

Испания королі Путинді Ресей футбол құрамасының жеңісімен құттықтады

Ресей мен Испанияның кездесуі 4:3 есебімен аяқталды. Ал Испания королі Филипп VI Ресей президенті Путинге телефонмен хабарласып, ресейлік құраманың жеңісімен құттықтады.

Испания короліне бірінші болып телефон соққан Путин екен. Ол Испания құрамасының шеберлігіне тамсанып, оны корольге жеткізуге тырысқан.



Следующая →