Солтүстік Корея антиамерикалық үгіт-насихат жұмыстарын тоқтатады
Енді Солтүстік Корея "қауіпті соғыстың" алдын алу үшін бұрынғы дұшпанмен бірігуді насихат етуде
Солтүстік Кореяның үгіт-насихат жұмыстары күрт өзгеріп шыға келді. Бұрында Солтүстік Кореяның нашар өмір сүруіне АҚШ пен Оңтүстік Корея, Жапония елдері кінәлі деп айтылса, енді Пхеньян билігі жағдайды жақсарту үшін олармен бірігу керектігін айтуда.
Куәгерлердің айтуынша, Солтүстік Кореяның демилитаризацияланған аумақтарындағы антиамерикалық плакаттар мен жазу-сызбалар алынып тасталған.