Оңтүстік және Солтүстік Корея экономикалық келіссөздерді бастайды
Келіссөздер барысында екі ел арасындағы темір жол мен жол қатынастарын қалпына келтіру мәселесі талқыланады
Сеул мен Пхеньян өкілдері орман шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты да талқылайды, деп хабарлайды РИА Новости сайты.
Көліктік байланыс жөніндегі келіссөздер 26 және 28 маусымда демилитаризацияланған аймақта өтеді және министрлердің орынбасарлары деңгейінде өтеді. Келіссөздердің басты мақсаты - Оңтүстік Корея мен КХДР арасындағы қатынастарды ұзақ мерзімге дамыту.
- Біз Корей түбегіндегі ұзақ бейбітшіліктің негізін саламыз, Пханмунджом декларациясын жүзеге асыру бағытын шынайы талқылайтын боламыз, - деп мәлімдеді Оңтүстік Корея өкіметі.