Иран Еуроодаққа ультиматум қойды
Еуроодақ өкілдері ядролық келісім жайлы құжаттардың барлығын маусым айының соңына дейін Иранға табыстау қажет
Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Аббас Аракчи ядролық келісімге қол қоюдың шартын ұсынды.
- Ағымдағы айдың соңына дейін аталған құжаттардың барлығы бізге табыс етіледі деп ойлаймыз. Қазіргі уақытта Еуропа мемлекеттері Ресеймен, Қытаймен бірігіп Иранға қойылатын талаптардың тізімін жасауда, ал мұның барлығы бізге мұнай сатуға көмектеспек, - деп жазады министрдің сөзіне Tasnim агенттігі.