Қытай АҚШ-тан климаттық қарумен қорғануды жоспарлап отыр
Хайнань аралында жоғары жиілікті ионосфералы радиотолқындар шашырауын зерттеу үшін зауыт салынатын болады
Аляскада орналасқан HAARP американдық кешенінің баламасын Қытайда құра бастады, деп хабарлайды life.ru.
Бұл кешен тек ғылыми зерттеулерге ғана емес, ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға да арналған. Кешеннің электромагниттік сәулеленуі радиолокациялық станцияларға және Қытайдың теңіз шекарасына жақын жерде орналасқан ұшақтардың және суасты қайықтарының байланыс жүйелеріне ықпал етуіне мүмкіндік береді.
HAARP кешені ауа райына жасаған эксперименттерге байланысты бірнеше мәрте дауға қалған.