Трамп: АҚШ G7 коммюникесіне қол қоймайды
Бұған АҚШ-тың баж салығы туралы мәлімдеген Канаданың премьер-министрінің мәлімдемесі себеп болған
АҚШ президенті Дональд Трамп Канадада өткен "Үлкен сегіздік" саммитінің қорытынды коммюникесіне қол қоймау туралы АҚШ өкілдеріне тапсырма бергені туралы мәлімдеген, деп хабарлайды Азаттық радиосы.
Трамптың Twitter әлеуметтік желісіндегі жазбасына қарағанда, мұндай шешімді ол саммит қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Канада премьер-министрі Джастин Трюдоның АҚШ-тың халықаралық сауда мәселелеріне қатысты ұстанымын, соның ішінде металл өнімдеріне баж салығын енгізуін тағы да сынаған соң қабылдаған.