АҚШ ядролық қару жасауға әлі де қаржы бөледі
АҚШ-тың Өкілдер палатасы 2019 жылға арналған әскери бюджет бағдарламасына өзгеріс енгізу, ядролық қару жасауға бөлінетін қаржыны азайту туралы толықтырудан бас тартты
Бюджетке енгізілмек болған өзгерістің ішінде ядролық снаряд жасауды екі есе азайту туралы айтылған, деп хабарлайды РИА Новости.
Палата өкілдерінің 188 мүшесі толықтыру енгізуді қолдаса, 226 мүшесі қарсы шыққан.
Республикалық партияның айтуынша, ядролық қару жасап шығару арқылы Ресейді тоқтатуға болады.
Тақырыптар:
Финансирование разработок ядерного оружия Ядерное оружие США Палата представителей Конгресса США