Қытай дау-дамайға қалған аралдарға зымыран орнатты
Оңтүстік Қытай теңізінде орналасқан үш аралға Қытай үкіметі құпия түрде зенит зымырандары мен кемені атуға арналған ракеталарды орналастырды
Бұл зымыран кешені 500 шақырым аумақты бақылауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды РИА Новости. Екі аралға арнайы жабдықтар орналастырылған. Бұлар радиотолқындардың таралуына кедергі келтіреді.
АҚШ үкіметі болса, Қытай аумақтағы тәртіпті бұзып, шиенелісті күшейтеді, оның үстіне теңізге жасанды арал салу арқылы өзінің территориясын үлкейтіп жатыр деп айыптап отыр.
Қытай Американың бұл айыпты мойындаған жоқ.
Тақырыптар:
Китайские ракеты на спорных осровах Территориальные притязания Китая Противостояние США и Китая