АҚШ Қытай смартфондарына тыйым салды
Пентагон АҚШ-тың әскери базаларында Huawei мен ZTE смартфондарын қолдануға тыйым салды
АҚШ әскерилері аталған компанияның ұялы телефондары ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретіндігін айтып тыйым салды, дейді Lenta.ru.
Смартфондарды сатуға 27 сәуір күні тыйым салынған. Одан өзге, аталған компаниялардың интернет-модемі мен өзге де құрылғыларының сатылымына да тыйым салынды.
Пентагон бұл смартфондарға тыйым салса да, оны бұрын сатып алған әскери қызметкерлер әлі ұстап жүр. Ал министрлік әзірше смартфондардың қандай қауіп төндіретіндігін нақты айтады.