Иран Telegram-ды бұғаттады
Ұлттық қауіпсіздікті сақтау үшін Иран соты ел аумағында Telegram мессенджерін бұғаттауға үкім шығарды
- Иран азаматтарының Telegram әлеуметтік желісіне жасаған арыз-шағымдарын ескере отырып, ұлттық қауіпсіздікті сақтау үшін сот жүйесі Телергам желісінде Иранда қолдануға тыйым салды, - дейді мемлекеттік канал.
Ал Иран билігі бұған дейін Telegram бағдарламасын қолдануға тыйым салған болатын. Иранда бұл мессенджерді журналистер мен саясаткерлер, кәсіпкерлер көп қолданады.