Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея татуласады
Кореяаралық саммит нәтижесінде Ким Чен Ын мен Мун Чже Ин екеуара декларация қабылдап, бейбіт келісімге келмек
Мемлекет басшылары мамыр айында Солтүстік Кореяның ядролық қарудан кезең-кезеңімен бас тартуы жайында келісім жасайды. Ал жылдың соңына дейін ел лидерлері бейбітшілік жөнінде келісімшарт жасағалы отыр.
1953 жылы Кәріс соғысы аяқталған соң, екі ел де бір-біріне дұшпан мемлекетке айналған болатын, 68 жыл тіресумен өтті.
Ал жұма күні Солтүстік Кореяда диктаторлық режім орнағаннан бері алғаш рет Пханмундж пунктінде келісім жасалды. Осыдан бір апта бұрын КХДР-ның басшысы Ким Чен Ын ядролық қарудан бас тартатынын мәлімдеген болатын.