Армения премьері қызметінен кетуге дайын
Арменияның бұрынғы президенті, жақында ғана премьер-министр қызметіне сайланған Серж Саргсян халықтан жаппай наразылық туса, биліктен кететіндігін мәлімдеді
Оның сөзіне қарағанда, премьер-министр қызметіне Карабах оқиғасының салдарын жеңу үшін, соның кесірінен ушыққан геосаяси жағдайды реттеу үшін сайланған. Саясаткердің мақсаты Әзірбайжан арасындағы дауды шешіп, елдің дамуына жол ашу. Ал Саргсян екі елдің арасындағы дау-дамайды реттеген соң, қызметтен кететіндігін айтты.
Ереванда 13 сәуірден бастап Саргсянның премьер қызметіне тағайындалғанына наразылық білдірушілер жаппай акция өткізе бастады. 22 сәуірге дейін 300 адам ұсталған.