АҚШ Мексикамен шектескен шекарада қабырға құрылысына $1,6 млрд бөлді
АҚШ президенті Дональд Трамп Мексикамен шектескен шекарада қабырға салу үшін бюджет қаржысын қамтамасыз ете алды
Бұл туралы республикалықтар және демократтармен келісілген бюджеттің жобасында айтылған. Сонымен бірге, АҚШ әкімшілігі алдымен осы мақсат үшін әлдеқайда көп қаражат, 25 миллиард доллар сұраған.
"Біз оңтүстік шекара бойында (Мексикамен) қабырғаның құрылысына 1,6 млрд АҚШ долларын бөлдік", - деп жазды президент Дональд Трамп өзінің Twitter парақшасында.
Ақша ұзындығы 153 километрді құрайтын тосқауылдар мен инфрақұрылымдарды құруға бағытталады.
Қабырғалардың құрылысы Трамптың негізгі сайлау кезіндегі уәделерінің бірі болған. Бұрын ол жоба үшін Мексика билігі ақы төлеуі керек деп мәлімдеген. Бірақ Мексика мұны жасаудан бірден бас тартты.