Қытайда Ұлттық халықтық конгресс сессия жұмысы аяқталды
Халықтық конгресс - Қытайдағы мемлекеттік биліктің жоғарғы органы
Форумның депутаттары ҚХР Төрағасы және ҚХР Орталық әскери кеңесі төрағасы ретінде Си Цзиньпинді қайта сайлады. Сәйкесінше, мемлекеттік құрылымды реформалауға Қытай үкіметінің жаңа құрамы бекітілді.
Отырыста ҚХР Конституциясына түзетулер енгізілді, оның ішінде ҚХР төрағалығына қатысты шектеулерді қолданыстан алып тастау. Бұл шектеулер алдағы он жылда қолданылмайды. Қытай Коммунистік партиясының жарғысында Бас хатшыны тағайындау туралы ешқандай шектеулер жоқ.
Форумның депутаттары 2017 жылға арналған бірқатар заң жобаларын, Үкіметтің жұмысы туралы есеп пен елдің экономикалық даму жоспарын, 2018 жылға арналған бюджетті қарап және қабылдап, мемлекет алдында тұрған өзекті мәселелерді талқылады.
Мемлекет басшысы Қытайдың аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғауға, елдің бөлінуіне батыл қарсы тұратынын атап өтті. Сонымен қатар, ол өз дамуына, қажеттілігіне «басқа елдердің мүддесін құрбан етпейтінін мәлімдеді.