Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

12 наурызға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Колумбияда бұрынғы бүлікшілер парламенттік сайлауда ең төменгі дауыс жинады


Бұрынғы бүлікшілердің "Жалпы альтернативті революциялық күш" партиясы сайлауда тіпті 0,5 пайызға да жетпеді, деп хабарлайды "Росбалт" сайты. Дегенмен, партия өкілдері парламенттің әрбір палатасында бес орын алады. Мұндай кепілдік үкіметтік бейбіт келісіммен қамтамасыз етіледі.


Ғаламдық жылынуға байланысты "сібір жарасы" ауруымен көмілген ірі қара мал қорымы ашылуы мүмкін 


Ресей аумағында "сібір жарасы" деген анықтамамен100 мыңнан астам мал тіркелген,  деп хабарлайды РИА Новости. "Сібір жарасы" топырақта ұзақ уақыт сақталуы мүмкін, бұл эпидемияның нақты қауіпін тудырады, ал жер астындағы суық ауаның маусымдық жылуының күшеюі осы ауруды қайта ояту ықтималдығы қауіпін тудырады. Ғалымдар "сібір жарасын" жабайы және үй жануарларына, сондай-ақ адамдарға әсер ететін өте қауіпті жұқпалы ауру екендігін еске салады.


Ким Чен Ын АҚШ-пен бейбітшілік қарым-қатынас орнатуға ниет білдірді


КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын АҚШ-пен бейбітшілік келісімге қол қою және дипломатиялық қарым-қатынас орнату ниетін білдірді. 

Солтүстік Корея көшбасшысының негізгі мақсаты – Пхеньянда Америка елшілігін ашу. БАҚ-тың хабарлауынша, Ким Чен Ын Пхеньянда Оңтүстік Корея делегациясымен болған кездесуде АҚШ-пен қарым-қатынасты жақсарту ниетін жариялады.

АҚШ Ресейге қатысты өз стратегиясын өзгертпейді


Ресей президенті Владимир Путиннің ядролық қаруға байланысты соңғы сөзіне орай, АҚШ Қорғаныс министрі Дж. МаттисАҚШ-тың Ресейге қарсы әрекет етудегі стратегиялық жоспарын өзгертпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Correspondent.net. 

Пентагон басшысы Ресейдің әскери мүмкіндіктерінен өзгеріс көрмейтін айтады.
- Ол айтып отырған әрбір жүйенің алдында бірнеше жыл еңбек пен тәжірибе керек. Мен олардың әскери баланстарын өзгертіп жатқандығын көрмеймін, - деді Маттис.

95 жыл бұрын шығарылған фотоаппарат рекордтық сомаға сатылды


"Leica" компаниясы шығарған алғашқы фотокамералардың бірі Венадағы аукционда шамамен 3 миллион долларға сатылды, деп хабарлайды Росбалт. 
- Фотоаппаратқа арналған бұл рекордтық баға Leica брендінің жалғасып келе жатқан мифінің өсуін көрсетеді, - дейді Leica Camera AG неміс компаниясының иегері Андреас Кауфман.

1923 жылы Эрнст Лейцтің көмегімен құрылған 25 фотоаппараттың тек үшеуі жұмыс істейді, оның ішінде сатылған көшірме де бар. Қазіргі уақытта бұл әлемдегі ең қымбат камера болып саналады.


Следующая →