Карлес Пучдемон Каталонияның басшысы болудан бас тартты
Каталония үкіметін басқаруға қамауда отырған депутат Жорди Санчес ұсынылып отыр
Бұл жайында Карлес Пучдемон өзінің Facebook желісінде жариялады:
- Мен Испанияның парламент өкілдерінен төраға болуға үміткер емес екендігін ескерттім, - дейді Пучдемон.
Ал Пучдемон Каталонияның парламентін басқаруға "Каталониямен бірге" атты топтың жетекшісі Жорди Санчес лайықты дегенді айтады, өйткені бұл депутат елді тәуелсіздік алуға жетелей алады.