Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

1 наурызға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы өзекті жаңалықтарға шолу жасады

Халықаралық олимпиада комитеті Ресейден санкцияларды алып тастады

Комитеттің мұндай шешімі туралы ХОК мүшесі Шамиль Тарпищев айтты. Оның айтуынша, ұйымның енді Ресейге деген "ескертуі қалмады", деп хабарлайды РБК сайты.

- Біздің спортшыларды тексеру нәтижесі олардың "таза" екенін көрсетті. Ресейге ешқандай рәсім істеп керек емес. Ресей Олимпиада комитетінің мүшелігін қалпына келтіру автоматты түрде орындалды. Халықаралық олимпиада комитетінің сөгетіндей ісі қалмады, - дейді Тарпищев.

Ресейдің керлинг федерациясының бірінші вице-президенті Андрей Созин де ХОК әрекетін растап отыр.

- Иә, естідім. Екі қолыммен қолдаймын. Жақсы соғыстан, тыныш әлем артық. Қатты уайымдадым. Бұл оқиғалардың (допингке қатсты) жабылғанын қалаймын. Көптеген міндеттемелерді орындадық және елімізде допинг жүйесінің жоқ екенін де түсіндік. Енді тек алға, - дейді Созин.

 

Ресей хакерлерінің неміс мекемелеріне шабуыл жасағаны хабарланды

Германия СІМ және Қорғаныс министрлігінің серверлеріне АРТ28 хакерлік тобы шабуыл жасады. Әдетте бұл топты Ресейге қосып айтады, деп хабарлайды Корреспондент.net

Хакерлер үкіметтік компьютерлерге зиянды бағдарламалық қамтымалар орнатып, деректерді алып кеткен.

Компьютерлік қауіпсіздік бойынша неміс мамандары шабуылдың ізін желтоқсан айында анықтаған. Ол жыл көлемінде жалғасып келуі мүмкін.

Бағдарламалық жасақтамалар федералды канцлер, министрлік, Бонн мен Берлиндегі Федералды аудит соты мен қауіпсіздік қызметі қолданатын желіні де зақымдаған.

Мамандар хакерлердің үкіметтік желіге хакерлердің қаншалықты терең еніп кеткенін анықтауда.

 

Ауа райына байланысты Жапонияда 170 әуе рейсі тоқтады

Бәрінен қиын жағдай Кюсю аралының оңтүстік-батысы мен елдің солтүстігінде орын алды.

Мұнымен қоса, Хоккайдода жүзден астам пойыз бен 29 экспресс жолға шықпай қалды деп хабарлайды РОСБАЛТ. Ауа райының қолайсыздығы Үлкен Токио аймағындағы пойыз кестесіне өзгертулер енгізуге итермеледі. Вокзалдарда жолаушылар толып қалды.

Жапониядағы қатты дауылдың орнауына қатты циклон әсер етіп отыр. Атмосфералық боран аралға жылу алып келді. Синоптиктердің болжауынша, термометр бағаналары температураның +20-ға көтерілетінін көрсетеді.

 

Американдық ұстаз мектепте атыс шығарды

Оқиға Джорджия штатының Долтон қаласында орын алды, деп хабарлайды life.ru

Ол жарты сағаттан соң ұсталды. Полицияның хабарлауынша, ұстаз оқиғаға оқушыларды араластырғысы келмеді. Сондықтан оқиға барысында мектеп бос болған.

Дегенмен оқушылардың бірі зардап шекті - мектептен шығу барысында жіліншігін ауыртып алды.
Следующая →