Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

28 ақпанға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Пентагонда ғарыш соғысы басталады деп болжануда

АҚШ әскери әуе күштері штабының басшысы Дэвид Гольдфейн келер жылдары ғарыш кеңістігінде қайшылықтардың басталатынын болжады, деп хабарлайды РОСБАЛТ.

- Бірнеше жылдан соң ғарыштан соққы беретін боламыз деп ойлаймын. Бұл жаңа кеңістікте біз бірлескен әрекеттерді басқаратындай іскер болуымыз керек. Бұл мемлекеттің талабы, - дейді Гольдфейн жыл сайын өткізіліп келе жатқан Әскери әуе ассоциациясының симпозиумында.

Американдық әуе әскери күштерінің ғарыш бағдарламасына жұмсап отырған бюджеті 7,75 млрд долларды құрады. Бұл өткен жылдан 20 пайызға артық. 2019 жылы бұл соманы 8,5 млрд долларға өсіру көзделуде.

 

Египеттің кезекті әншісі түрмеге жабылды 

Ніл өзенінің тазалығын мазақ қылған египеттік әнші Ширин Абдел Вахабты сот алты айға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды life.ru.

Әнші Нілден су ішсеңіз, паразиттерді жұқтырып алуыңыз мүмкін, сондықтан бөтелкедегі суды ішкен артық деген.

Мұнымен қоса, әйел 10 мың египеттік фунт айыппұл төлеуге міндеттелді. Әнші сот шешіміне шағымдана алады.

Ширин – Египеттегі ең танымал әншілердің бірі. "Дауыс" шоуының араб нұсқасындағы қазылар алқасының бірі.

 

Жапония өз шекарасына жақын маңдағы орыс бомбалаушыларына алаңдауда

Жапония қорғаныс министрі Ицунори Онодэра өз елінің шығыс жағалауларында орыстардың Ту-95 стратегиялық бомбалаушыларының ұшып жүргеніне алаңдаушылық тудырып отыр, деп хабарлайды РИА Новости.

21 ақпан күгі Ту-95МС Жапон және Шығыс Қытай теңізінің акваториясында, Тынық мұхитының батыс бөлігінде патрульдің шаралар өткізді. Патрульдеу кезінде бомбалаушыны көпмақсатты Су-35С жойғыштары қорғап, "әуеде жанармай толтыру шарасы жүргізілді". Ұшу барысында халықаралық ережелер сақталып, бөтен елдердің шекарасы бұзылған жоқ.

- Ресей қазір Жапония айналасындағы әрекетін үдетті. Бұл факт. (Ресей) солтүстіктегі төрт аралдарда әскері бөлімшелерін ашуда. Тек қана ашып қоймай, өз бомбалаушыларын Окинаваға дейін жеткізіп, Жапония айналасында арнайы ұшу жұмыстарын жүргізуде, - дейді министр бұл ұшақтардың Жапонияны бомбалауы мүмкін бе деген сұраққа жауап бере отырып. - Қандай жағдай болмасын, айналамыздағы әсіресе Қытай мен Ресейге ескерту жасаймыз.

Ол Ресейдің Жапония айналасындағы белсенділігіне өз пікірін айтып көрді.

 

Римде дизельді қозғалтқышы бар көліктерге тыйым салынады

Рим билігі дизельді жанармаймен қозғалатын көлік иелеріне қаланың орталығына кіруге тыйым салады. Бұл туралы итальялық астананың мэрі Вирджиния Раджи климаттық С40 саммитінде мәлімдеді.

- Төтенше климаттық құбылыстар жиі байқалуда. Сондықтан жылдам әрекет етуіміз керек. 2024 жылдан бастап Рим қаласының орталығында дизельді автокөлік пайдалануға тыйым салынады, - деп жазады Раджи Facebook-те.

Оның айтуынша, Италья тұрғындарына ерлік танытып, нақты қадамдарға бару керек.

2025 жылға қарай дизельді көліктерге Парижде, Афинада, Мадридте және Мехикода тыйым салынады.
Следующая →