БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Сирия бойынша дауыс беру өткізеді
Егер Сириядағы 30 күндік бейбітшілік қарары қабылданса, Шығыс Гуттаға гумманитарлы көмек жеткізіліп, бейбіт халықты көшіру жұмыстары басталады
Жаңа жобаны Ресей қолдай ма, белгісіз. 22 ақпан күні Ресейдің ұстанымына байланысты аталған жобаға дауыс беру үрдісі тоқтап қалған.
Қауіпсіздік кеңесіндегі Мәскеудің тұрақты өкілі Василий Небензя құжатқа бірқатар өзгерістер енгізуді ұсынған.
Нью-Йорктегі дауыс беру үрдісі жергілікті уақыт бойынша 11.00-де басталады.
Құжатты қабылдау үшін 9 тарап оны қолдайтынын білдіруі керек. Мұнымен қоса, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері Ресей, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания және Франция елдерінен бірде-бір вето қойылмауы керек.
Следующая →