Венесуэлада ірі әскери дайындықтар басталды
Венесуэла президенті Николас Мадуро бүкіл ел төңірегіндегі әуеде, теңізде және жерде өтетін ірі әскери дайындықтың басталатынын жариялады
Ел тарихындағы ауқымды дайындық 24 ақпан күні басталады.
- Ұлттық боливариан қарулы күштері мен әскери-азаматтық одақ халқының бірлесе отырып отанымыздың ұлттық төңірегін көпжақты қорғау әрекетіне көшуді бұйырдым. Тәуелсіздік-2018 әскери дайындықтары келесі сенбі, 24 ақпан және жексенбі, 25 ақпан күндері өтеді, - дейді Венесуэла жетекшісі.
Мадуро барлық қарулы күштерін дайындыққа шақырды.
- Барлық танктердің, зымырандардың, ұшақтар мен тікұшақтардың қозғалысын шыңдаймыз, - дейді Венесуэла президенті.