Ресей Арктикадағы әскери әрекеттерін күшейтпек
2018 жылы РФ Солтүстік флоты Жаңа жер архипелагында кешенді экспедиция ұйымдастырады
Осылайша Ресей арктикалық аралдардағы өзінің ықпалын күшейтпек. Бұл туралы Солтүстік флот қолбасшысы, адмирал Николай Евменов мәлімдеді, деп хабарлайды Мир 24 сайты.
- Ресей Арктикаға басым күшпен, ұзақ уақытқа қайтып оралады. Солтүстік флот Ресей Арктикасы архипелагы мен аралдарындағы ықпалын нығайтпақ, - дейді ол.
Кешенді экспедицияның мақсаты Жаңа жер архепелагын игеру тарихын толық жетілдіріп, Арктика қауіпсіздігін қамтамасыз ету.