Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Михаил Козлов
Ақпарат көзі:
Устинка

13 ақпанға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Ким Чен Ын Оңтүстік Кореямен қарым-қатынастың жақсарып келе жатқанын айтты

КХДР жетекшісі Ким Чен Ын солтүстіккореялық делегацияның Корей Республикасына барғанына қанағаттанғанын айтты, деп хабарлайды РОСБАЛТ.

Ол делегациямен кездесіп, «татуласу мен диалог жылуын» қолдаудың маңызы зор екенін айтып өтті.

Ким Чен Ын Оңтүстік Корея билігінің КХДР делегатымен байланыс қамтамасыз еткен әрекетін жоғары бағалады.

Айта кету керек, солтүстіккореялық делегация сапарынан соң Ким Чен Ын Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Инді Пхеньянға шақырды.

 

Автстрияда екі пойыз соғылды


 

Австриялық Никласдорф коммунасында екі пойыздың соғылуынан бір адам көз жұмып, 22 адам жарақат алды, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Зардап шеккендердің ішінде үш бала бар.

Соңғы деректер бойынша, екі жолаушылар пойызы бір-біріне қарсы жүріп келе жатып соғылған. Полицияның хабарлауынша, бұрылыс кезінде бір пойыз екіншісін жанап өтіп, екіншісі рельстен шығып кеткен.

 

Бразилиядағы карнавалдан соң жүздеген адам ауруханаға түсті

 

Бразильяның Рио-де-Жанейро қаласындағы карнавал аясында самба мектебінің байқау-шеруі өтті. Мұның ішінде 573 қатысушы мен қонаққа медициналық жәрдем керек болды, деп хабарлайды Globo.

Дәрігерлерден көмек сұрағандардың көбі демнің тарылуы мен гипертонияға шағымданған. Синоптиктердің айтуынша, 12 ақпан күні ауа температурасы көлеңкеде 38 градусты көрсеткен. Ал мамандар ауа температурасының әсерін 47 градусқа дейін болғанын айтады.

Карнавалға қатысқан қонақтардың алтауы ауыр халде ауруханаға жатқызылса, 63 жастағы әйел жүрек талмасынан көз жұмды.

Рио-де-Жанейродағы карнавалдың ашылу салтанаты 9 ақпан күні өтті.

 

Трамптың келіні ауруханаға түсті


 

Американдық президент Дональд Трамптың келіні ақ ұнтақ салынған конвертті ашқан соң ауруханаға жіберілді, деп хабарлайды "Фокс-ньюс" телеарнасы.

Трамптың үлкен ұлы Д.Трамп - кішінің әйелі Ванесса күйеуіне жіберілген хатты ашқан.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша таңғы 10 шамасында орын алған.

АҚШ президентінің үлкен ұлы 2005 жылы үйленген. Олардың бес баласы бар.

 
Следующая →