12 ақпанға арналған әлемдік жаңалықтар легі
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады
Лондонда әуежай жабылды
Темза өзенінде табылған Ұлы Отан соғысының бомбасы әуежайдың жабылуына себеп болды, деп хабарлайды Корреспондент.net.
- Король Джордж V атындағы кемежайда Ұлы Отан соғысынан қалған артиллериялық снаряд табылған соң полиция қауіптің алдын алу мақсатында тыйым салынған аймақты бекітті. Нәтижесінде Лондон-Сити әуежайы да жабылды, - дейді Twitter-ден жарияланған хабарландыруда.
Скотланд-Ярд бомбаның 11 ақпан күні таңертең табылғанын айтты. Снаряд әуежай маңында жүріп жатқан жобалық-зерттеу жұмысы барысында табылды.
Мексика шекарашылары 230 заңсыз босқынды ұстады
Арнайы операция Тамаулипас штатындағы шекарада өтті, деп хабарлайды РОСБАЛТ.
Адамдарды АҚШ-қа заңсыз тасымалдап жүрген қаскүнемдер белгісіз адамның хабарласуымен анықталды. Құқыққорғаушылар қылмыстың топтың құрамындағы алты адамды құрықтады.
Босқындардың ішінде 128 азамат Гватемаладан, 86 Гондурастан, 11 сальвадорлық және үш никарагуалықтар болған. Енді олармен миграциялық қызмет жұмысшылары айналысады. Шетелдіктердің тиісті құжаттары болмағандықтан, депортацияға ұшырайды.
Мас ресейлік әйел круиз лайнерінде төбелес шығарды
Тергеу амалдары көрсеткендей, 37 жастағы әйел шараптың бос бөтелкесін 21 жастағы жігіттің басынан ұрып жарған. Life.ru хабарлағандай, төбелеске қаскүнемнің күйеуі де қатысқан.
Жанжалға қатысқандардың барлығы круизден түсірілді. Ресей азаматшасы 9 наурыз күні өтетін сот отырысына дейін кепілақымен босатылды.
Швейцарлықтар Олимпиада-2026 ойынын өз елінде өткізуге қарсы
Швейцарлықтардың жартысынан көбі Сьон қаласында қысқы Олимпиада ойындары 2026-ның өткізуге қарсы шықты. Мұндай деректер Tamedia AG жүргізген сауалнамадан соң белгілі болды, деп хабарлайды МИР 24 сайты.
Жуықта Швейцария билігі қысқы Олимпиада ойындарын Сьон қаласында өткізу туралы арызды қолдайтынын айтқан. Бұл орайда жарысты ұйымдастыруға 1 миллиард доллар бөлетіндерін білдірді. Олимпиада-2026-ға қаржы бөлу туралыреферендум ағымдағы жылдың 10 маусымына бекітілген.
Әлеуметтік зерттеу қорытындысы бойынша нақты қарсылық білдіргендердің саны 43 пайызды, ал "керексіз" деп тапқандардың саны 16 пайызды құраған. Осылайша Олимпиадаға қарсы шыққандардың жалпы саны 59 пайызды құрады.
Тақырыптар:
Утренняя панорама мировых новостей Закрытие аэропорта в Лондоне Мигранты в США Пьяная драка Олимпийские игры - 2026