Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

7 ақпанға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Венесуэладағы тәртіпсіздік салдарынан үш адам қаза тапты



Венесуэлалық Тукупита қаласында жаппай тәртіпсіздік орын алды, деп хабарлайды РОСБАЛТ сайты. Қақтығыс нәтижесінде қаза тапқандардың бірі, ұлттық ұлан жауынгері.

Куәгерлердің айтуынша, ұлттық ұлан жауынгерлері базардағы саудагерлерін қудалап, тауарлар тәркілемек болғанда қақтығыс басталған. Саудагерлер арасында үлкен наразылық туындап, аймақта тонау қылмыстары орын ала бастады.

Алдын ала деректер бойынша, тәртіпсіздік барысында қаза тапқандардың ішінде нәресте де болған.

 

Сахарада тағы қар жауды


Соңғы екі жыл ішінде Сахарада төрт рет қар жауды. 2016 жылға дейін шөл далада 37 жыл қар болмаған.

life.ru сайты The Independent басылымына сілтеме жасай отырып хабарлағандай, қар алжирлік Айн-Сефра қаласында жауған.

Аталғандай, осыған дейін тура бір ай бұрын, 8 қаңтар күні қар жауған. Ол кезде синоптиктер 40 сантиметр қар жауғанын хабарлаған.

 

Тайвандағы жер сілкінісінен 200-ден астам адам зардап шекті


Тайван аралының жанындағы жер сілкінісінен 2 адам қаза тапса, зардап шеккендердің тізіміне 202 адам кірді. Бұл туралы CGTN телеарнасы хабарлады.

Жер асты соққылары 6,4 магнитудаға жетті. Жер сілкінісінен бес нысан қираған.

Зардап шеккен нысандардың ішінде қонақ үй бар. 11 қабатты мекеменің 3 қабаты қирап, 26 адам қамалып қалды. Жүзге жуық тұрғындар қауіпсіз орындарға жеткізілді.

Жер сілкінісінің ошағы 15 шақырым тереңдікте болған. Эпицентрі Тайбэйден 102 шақырым жерде орналасқан. Кейін манитудасы 4-тен 5,3-ке жеткен жеті сейсмикалық толқыныстың қайталануы тіркелген.

Бірнеше күн бұрын 5,8 магнитудалы жер сілкінісі Жаңа Гвинеядағы Папуада тіркелген болатын.

 

АҚШ-та құймақ ұрламақ болған ит үйді өртей жаздады

 

"Қылмыс орнынан" қашпақ болған ит ас плитасының конфоркасын абайсыз қосып жіберген, деп хабарлайды Корреспондент.net.

Үй иелері кетіп қалған кезде алтын түстес ретвивер плитаға шығып, құймақ ұрлығына түскен. Мұный үйде орнатылған бейнекамералар түсіріп алған.

Ұрлық барысында ит абайсыз конфоркалардың бірін қосып жібереді. Біраз уақыттан соң плитада қалдырылған зат тұтанып, бөлме түтінге тола бастады. Бұдан кейін өрт дабылы қосылды.

Оқиға орнына келген төтенше қызмет өрттің алдын алды. Үй зардап шеккен жоқ.

Жергілікті өртсөндірушілер бейнені Facebook-ке салып, қала тұрғындарына үй жануарларымен сақ болу керектігін ескертті.
Следующая →