Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

5 қаңтарға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

2017 жылы британдық арнайы қызмет мамандары 54 млн кибершабуылдың бетін қайтарған

Бұл Great British Firewall қорғаныс жүйесінің көмегімен жүзеге асырылды. Мамандар компьютер желісіне желі трафигін сүзгіден өткізетін бағдарламалық элемент қосқан.

РОССБАЛТ сайты хабарлағандай, Ұлттық киберқауіпсіздік орталығымен жасалған бағдарлама жаһандық фишинг және вирустық шабуыл көлемін 2 пайызға азайтуға мүмкіндік берді.

Мұндай шабуылдардың басым бөлігі "жаулас мемлекеттік субьектілерден" бұрын, дербес деректерді ұрлап сатудан пайда көретін немесе банк есепшоттарына заңсыз еніп кететін хакерлермен жасалады.


Афинада 1,5 млн адам қарсылыққа шықты

Жүздеген мың гректер Синтагма алаңы мен оған байланысқан көшелерге парақшалармен, транспаранттармен және грек туымен шықты.

Греция астанасы Афинада 1,5 миллион адам көрші елдің "Македония" сөзін қолдануына қарсы шықты, дейді митингті ұйымдастырушылар. Қарсылыққа шығушылардың басым бөлігі Македония провинциясының ұлттық киімін киіп келген.

Грек полициясы қарсылық акциясына тек 140 мың адам қатысты деп мәлімдеуде. Яғни, ұйымдастырушылар айтқан көрсеткіштен 10 есеге төмен.

Афинадағы қарсылық шарасына қатысу үшін Грецияның Крит, Пелопоннеса және Ион аралдарынан да адамдар келген.

Грецияның пікірінше, Македония грек провинциясының атауын "ұрлап" кеткен. Сондықтан оның НАТО мен ЕО құрамына кіру диалогын тоғытуда.


Италияда қар көшкінінен екі адам қаза тапты

Каспо Фелици тау шаңғысы курортында екі адамды ажал құшты, деп хабарлайды life.ru.

Кейбір деректер бойынша, адамдар шаңғы жолынан тыс жерде сырғанаған.

Аталғандай, бір адам жарақат алып, төтенше қызмет тікұшағымен ауруханаға жеткізілді.


Беларусь пен Оңтүстік Корея визасіз режім орнатуы мүмкін

Беларусиядағы Корея Республикасының елшісі Ким Енг ХО шығысазиат мемлекеттерінің Беларусиямен визасіз режім орнату мүмкіндіктерін қарап жатқанын айтты, деп хабарлайды МИР 24 телеарнасының сайты.

Дипломаттың айтуынша, бұл келіссөздер бұрыннан жүргізіліп келеді.

- Корея мен Беларусь арасындағы визаны алып тастау сұрағын шешу үшін барлық шаралар қолданылуда. Ағымдағы жылы сыртқы істер министрі Владимир Макей біздің елге сапар шегеді деп жоспарланған. Келіссөз аясында визасыз сарап туралы келсімге келсек деп едік, - дейді елші.

Ол ойластырылған шаралардың жуықта жүзеге асуына үміт білдірді.

- Бұл біздің барлық салалардағы қарым-қатынастың алғашқы іргетасы болары хақ, - дейді Ким Енг Хо.


Жапон инженерлері автопилоты бар тәпішкелер шығарды

Кішкентай дөңгелектері мен сенсоры бар хай-тек-тәпішкелер пәтер ішінде қозғалып, арнайы белгіленген орындарға "тұрақтала" алады. Тәпішкелер Nissan автокөліктерінде қолданылатын ProPilot Park технологиясын пайдаланады, деп хабарлайды life.ru.

Инновациялық жобаны алғашқы болып жапондық Иокогаме қонақ үйінің келушілері киіп көреді. Мұнда тәпішкеден бөлек өз-өзімен басқарылатын жиһаздар мен жастықтар да бар.



Следующая →