Қытай Қорғаныс министрлігі: АҚШ қытайлық ядролық қару қаупін "өршітуде"
Қытай билігі Америка Құрама Штаттарының жаңа ядролық доктринасына пікір айтты
Пекин ядролық қаруды бірінші қолданбау және ядролық әлеуеті жоқ елдерге онымен сес көрсетпеу принципін өзгертпейтінін мәлімдеді
- Қытай өзінің ұлттық қауіпсіздігіне қажетті ядролық күшін әрқашан төмен деңгейде ұстап келді, - дейді ҚХР қорғаныс мекемесінде.
Қытай билігі АҚШ-тың ‘’әлемдегі ең алып ядролық арсеналға ие“ екенін айтып өтті. Ел үкіметі АҚШ пен Қытай әскерінің арасында “тұрақтылық факторына" және “өңірдегі тыныштықты“ қамтамасыз ететін қарым-қатынас орнайтынына үміт білдірді.
2 ақпан күні АҚШ жаңа ядролық доктринасын жариялап, РФ мен Қытай тарапынан төнетін қауіп туралы айтқан. Қауіп барысында Штаттар бірінші болып алдын алу соққысын беретіні жайлы құжатта айтылды.