Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

1 ақпанға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу ж

Иран әйелдері хиджабқа қарсы
 


Иранда хиджабты еркінен тыс кигізуге жеке дара қарсылық көрсетушілер қозғалысы шықты, деп хабарлайды lenta.ru. Әйелдер шыттарын бастарынан шешіп көшеде қолдарымен немесе таяққа байлап бұлғайды. Ирандық әйелдердің бұл құқықтық акциялары 1978-79 жылдары өткен Ислам төңкерісінен бері алғаш рет ауқымды ұйымдастырылды.

Әлеуметтік желі қолданушылары қарсылық білдірушілердің суреттерін жариялап, ағылшын тіліндегі #WhiteWednesdays #IranianProtests #IranUprising #FreeIran хештегтерін, парсы белгілерін жазуда.

29 қаңтар күні ел астанасы Тегеранда бірнеше жергілікті тұрғындары трансформаторлар жәшіктеріне шығып, шыттарын тудай желбіреткен соң, акция кеңге тарай бастады. Олардың суреттері әлеуметтік желіде жарияланып, ирандық әйелдің қылығынан рух алған өзге адамдар осыған ұқсас шаралар ұйымдастыра бастады.

Қарсылық білдірушілердің арасында тек әйелдер емес, түсіністік танытқан ер адамдар да бар. Олар да жалғыз тұрып, байлауыш желбіретуде.

Иран заңнамасы бойынша, әйел адамдар қоғамдық орынға байлауышсыз шыға алмайды. Бұл ережені бұзғандар қамауға алынады. Кейбір қарсылық білдіруші әйелдер өз көліктерін жеке кеңістігіне балап, рөлде байлауыш тақпайды. Бірақ ел тұрғындарының басым бөлігі өз наразылықтарын әлеуметтік желіден білдіруді жөн көреді. Facebook-те ирандық журналист Масих Алинелджадудың My Stealthy Freedom ("Менің астыртын еркіндігім") атты қауымдастығы бар. Қазіргі таңда оған жазылған адамдардың саны миллионнан асып отыр.

 

Трамп өз-өзіне алты минут қол шапалақтады


Американдық президент Дональд Трамп өз жұмысының қорытындысын шығарып АҚШ конгрессінде баяндама оқыды. Бұдан соң ұзақ уақыт қол шапалақтады, деп хабарлайды Корреспондент.net.

Аталғандай ол алты минутқа жуық қол шапалақтаған. Мұнымен қоса шапалағын қаттырақ естірті үшін қолын микрофонға жақындата берген.

Залда отырғандардың арасында тек АҚШ Демократиялық партиясының өкілдері ғана қол қусырып отыра берді. Олар шапалақ аяқталмастан, конгресс залынан шыға бастады.

 

Канада әнұраны гендерлік бейтараптылықты сақтайды


Әнұран мәтініне өзгерту енгізу туралы заң жобасын парламент мүшесі Мориль Беланже ұсынды, деп хабарлайды life.ru.

Канада сенаты «О Канада» ұлттық әнұранына өзгерістер енгізу туралы заң жобасын қабыл алды. Парламент палатасының «твиттерінде» жарияланғандай, енді әнұрандағы «ұлдар» деген сөз «біз» деп ауыстырылады.

- С-210 заң жобасы ұлттық әнұранның ағылшын тіліндегі нұсқасын гендерлі бейтарап етеді. Бұл әнұран туралы заңға өзгерту енгізу арқылы және «ұлдары» сөзін «біз» сөзіне ауыстырылып жүзеге асырылады, - деп хабарлайды Сенат.

Бұл өзгерістерге Канаданың Консервативті партия мүшелері қарсы шықты. Алайда парламент палатасындағы либералдардың саны басым.

 

Венесуэла билігі мен оппозициясы елдегі жағдайды тұрақтандыру туралы актіге қол қойды


Вэнесуеланың үкімет және оппозиция өкілдері келіссөз барысында елдегі жағдайды қалыпқа келтіру туралы келісімге келді. Келіссөз Санто-Домингода үш күн қатарынан жүрді, деп хабарлайды Мир 24 сайты.

- Бүгін қуанышты күн. Біз венесуэлалық оң күш пен атқарушы билік арасындағы өзара түсіністік туралы алдын ала келісімнен тұратын актіге қол қойдық. Бұл Венесуэлаға қарсы іштегі және сырттағы әскери ұстанымдарды жоюға септігін тигізеді, - дейді Венесуэла байланыс және ақпарат министрі Хорхе Родригес.

Бітімгерлердің қатарында болған Доминикан Республикасының президенті Данило Медина екі жақтың келесі келіссөзі 5 ақпанға белгіленгенін хабарлады.

Естеріңізге саламыз, 2017 жылы оппозиция қажетті жағдайлардың жоқтығын сылтау етіп билікпен диалогқа келмей қойған болатын.
Следующая →