Өскемен
ясно
-18°
  • Өскемен
    -18°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +2°
$
515.25
+0.32
535.91
-0.13
¥
70.6
+0.05
5.18
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Михаил Козлов
Ақпарат көзі:
Устинка

31 қаңтарға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Сирияның кепіл елдері Астанада кездеседі

Ресей Федерациясы президентінің Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентье кезекті кездесудің ақпан айының соңында өтетінін айтты, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

- Астаналық форматтағы кезекті кездесудің ақпан айының соңына белгіленгенін білесіздер. Үш кепіл елдердің өкілдері талқылайтын тақырыптар бар, - дейді ол Сочиде өткен конференция барысында.

Ресей, Иран, Түркия елдері сириялық ретке келтіру жұмысының кепіл елдері болып табылады.

Каталондықтардың полициямен қақтығысы жалғасуда

Барселонадағы каталондық парламенттің жанындағы қақтығыстан 13 адам зардап шекті, деп хабарлайды РИА Новости.

Митингті «Каталондық ұлттық ассамблея» мен «Республиканы қоғау комитеттері» қоғамдық ұйымдары өткізіп отыр. Қақтығыс нәтижесінде он полиция мен үш митингке қатысушы зардап шекті. Барлық жарақаттар жеңіл.

Қазіргі уақытта парламент мекемесінің алдында 200 адам қалды.

Естеріңізге саламыз, жуықта Каталония парламентінің жаңа шақырылымы Карлес Пучдемонды автономия президенті ретінде сайлауды кейінге шегерді. Заңнамалық жиналысқа қатысқан тәуелсіздікті жақтаушылар тарапы полиция құрсауын бұзып, парламент есігіне қарай жүре бастаған.

Неміс шаңғышылары Паралимпида-2018 ойындарында ресейлік спортшылармен жарысудан бас тартатындарын білдірді

Немістің паралимп-шаңғышыларын жаттықтырушы Ральф Ромбах Паралимпиада-2018 ойындарына ресейліктер кірсе өз командасының эстафетадан бас тартатынын айтты, деп хабарлайды Росбалт.

- Халықаралық паралимпиада комитетінінің шешіміне ықпал ете алмаймыз, бірақ Ресейдің бейтарап атлеттері қатысатын болса әйелдердің шаңғы эстафетасына байкот жариялау туралы командалар арасында әңгімелер жүруде. Кейбір спортшылардың таза екеніне күмән жоқ, алайда олар бір елдің допингтік жүйесіне кіреді. Бұл фактіні ескермесек, допинг мәселесін ешқашан бақылай алмаймыз, - дейді Ральф Ромбах.

29 қаңтар күні Халықаралық паралипиада комитеті Ресей паралимпиада комитетінің шеттетілуін созды. Бірақ ХПК ресейлік спортшылардың бейтарап ту астында сайысқа түсуіне рұқсат берді.

Қысқы Паралимпиада 2018 Пхенчханда 9-18 наурыз аралығында өтеді.

Трамп АҚШ экономикасын жақсы деп бағалады

АҚШ президенті Дональд Трамп Құрама Штаттар экономикасының тамаша екенін, жаңа жұмыс орындарының ашылып жатқанын айтты.

- Сайлаудан бері 2,4 миллион жаңа жұмыс орнын, өндіріс саласында ғана 200 мың жаңа жұмыс аштық. Бірнеше жылдық стагнациядан соң жалақы төлемінің өскенін көріп отырмыз. 45 жылдық минимум бойынша жұмыссыздық жәрдемақысы туралы арыз беріле бастады, - деді Трамп жыл сайынға «Елдегі жағдай туралы» конгресс барысында.

Оның айтуынша, жүргізілген салық реформасы американдықтарға біршама көмектесіп, зейнетақы қорын қалыптастырды.

- Жылына 75 мың доллар табатын, қарапайым төрт адамнан тұратын отбасы салықтарының 2 мың долларға қысқарғанын көреді, - дейді Трамп.

Следующая →