Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Михаил Козлов
Ақпарат көзі:
Устинка

29 қаңтарға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Ресейден үріккен Дания әскери бюджетін өсіруде

«Ресейлік қауіптің» алдын алу мақсатында Данияның заңнамашылары әскери шығынды өсіру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Росбалт.

Әскери бюджет 12,8 миллиард кронға өсті. Басқаша айтсақ, бұл 2,14 миллиард долларды құрайды.

- Ресейден шынайы қауіп төніп тұр. Сондықтан қорғаныс саласындағы қабілетімізді көрсете алуымыз керек, - дейді елдің премьер-министрі Ларс Лекке Расмуссен.


Ресей грин-карталардың көмегімен мигранттарды тартпақ

Әрбір шетелдік жұмысшылар үшін елге кіру мен қалудың жағдайлары болады, деп хабарлайды lenta.ru. Жоғары тәжірибелі мамандар үшін қажетті құжаттарды жинау үрдісі барынша жеңілдетіледі.

Мамандардың айтуынша, Ресейге жұмыс берушілердің көмегімен елге кіруге мүмкіндік алатын жұмыс визасының жаңа жүйесі қажет. Ал жұмыс картасының көмегімен жұмыс істеуге және елде қалуға болады.

Мұнымен қоса мамандар арнайы «келісімшарт» жүйесін енгізуді ұсынуда. Шарт бойынша мигрант орыс тілін, мемлекет пен құқық негізін меңгеріп, тұрғын үй мен жұмыс орнына қол жеткізе алады. Сотталмаған болса және емтиханды сәтті өткізсе, мигрант ресей азаматтығын алады.

 

Саули Ниинисте Финляндия президенті болып қайта сайланды

 

98,3 пайызды алдын ала қорытындылау барысында, сайлаушылардың 62,7 пайызы бұрынғы президентті қолдаған, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Қалған үміткерлер 6,9-дан 1,5 пайызға дейін қолдау тапқан.

Сайлауға барлығы сегіз адам қатысқан.

Сайлауға сайлаушылардың 69,9 пайызы қатысты. 2012 жылы өткен сайлау барысында дауыс берушілердің белсенділігі 68,9 пайызды құраған болатын.

Конституция бойынша, сайланған президент 1 ақпаннан бастап қызметіне кіріседі.


 

Трамп өзін данышпан атады

АҚШ президенті Дональд Трамп денсаулығының қалыпты екенін мәлімдеді.

- Иә, қалыпты, әрі данышпан екенімді айттым. Жақсы тамақтанамын. Маған ең үздік аспаздар қызмет етеді..., - дейді американдық жетекші.


Ол зиянды тағамдарды сирек пайдаланатынын да қоса айтты, деп хабарлайды РИА Новости. Қаңтар айында журналист Майкл Вуфтың «От пен қаһар: Трамптың Ақ үйі» атты кітабы жарыққа шығып, үлкен шатаққа себеп болған. Кітапта Құрама Штаттар басшысының ақпарат қабылдай алмайтыны, ақыл кеңестерге жүгінбейтіні және АҚШ президентінің рөлін атқаруға «зияткерлік тұрғысынан» шамасыз екені айтылған.
Следующая →