Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Михаил Козлов
Ақпарат көзі:
Устинка

25 қаңтарға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы өзекті жаңалықтарға шолу жасады

Солтүстік Корея әлемдегі корейліктерді АҚШ-қа қарсы шақырды



Солтүстік Корея билігінің пайымдауынша, Құрама Штаттар Корей түбегінде «отпен ойнап, қауіп тудырып», ядролық соғысқа арандатушылық ұйымдастырып отыр.

Корейліктер Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы әскери қысымды жеңілдету үшін бірігуге шақырылды, деп хабарлайды ТАСС.

- Өз еркімізбен қосылу үшін корейаралық қарым қатынасты жақсарта отырып жалпы ұлттық күреске бір адамдай көтерілейік, - дейді хабарландыруда.

Хабарландыруда Оңтүстік пен Солтүстік арасындағы гуманитарлы байланысты іске қосу туралы, екі елдің тұрғындары арасындаәуе, теңіз және жерүсті қатынастарын орнату мүмкіндігі ұсынылды.

 

Германияда Берлин қабырғасының дін аман бөлшегі табылды


Астаналық Панков округіндегі Шенхольц және Райниккендорф аудандарының арасындағы орман алқабында Берлин қабырғансының 80 метрлік бөлігі анықталды. Бұл туралы неміс тарихшы-өлкетанушысы Кристиан Борман айтты, деп хабарлайды Росбалт.

Тарихшы қабырғаның бұл бөлшегі туралы 1999 жылдан бері білсе де, ақпаратты ешкімге айтпаған. Ол қабырғаны тарихи ескерткіш ретінде таныту үшін жариялады. Борман табылғаны дүниені «қабырғаның сол күйі сақталған соңғы бөлшегі» деп атайды. Қабырғада тікенекті сымдар мен күзет жүйесінің белгі беру тоқтары сол күйі сақталған.

Берлин қабырғасы 1961 жылдың тамыз айында тұрғызылып, 30 қатарынан батыс және Шығыс Берлинді бөліп тұрды. Қабырға 1990 жылы құлады.

 

Гватемаледегі мэрдің баяндамасы атысқа байланысты үзілді


Әлеуметтік желілерде оқиға орнында түсірілген бейнелер таратылуда, деп хабарлайды РИА Новости. Бейнеде көрсетілгендей, мэр Энрике Ривас Куэльяр ашық аспан аясында сөз сөйлеп тұрғанда атыс дыбысы шығады.

Баяндамаға қатысушылар жерге жатқанша, күзетшілер мэрді автокөлікке жеткізген. Кейін кадрдан қаруланған әскерилер мен полицияның келгенін көруге болады. Жазба бойынша атыс мэр өткізген қалалық шараға жақын маңда орын алған. Билік болған оқиғаны тергеуге кірісіп кетті.

АҚШ шекарасына жақын маңда орналасқан Тамаулипас штаты екі үлкен мексикалық «Лос-Сетас» және «Түбек» картельлерінің майданына айналған.

 

Элтон Джон сахнадан кетеді


Британдық әнші Элтон Джон өз мансабындағы соңғы әлемдік турне өткізетіні туралы жариялады, деп хабарлайды «Скай ньюс» телеарнасы.

- Менің басым ойламып өзгерді, - дейді әнші ендігі уақытын балаларымен өткізгісі келетінін айта отырып. - Балаларымды футбол мектебіне апаратын боламын.

70 жастағы музыкант үш-төрт жыл қатарынан әлемдік турне өткізеді деген болжам бар. Ол кейін музыка жазуды жалғастырса да, сахнаға шықпайтынын айтты.

 
Следующая →