Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Михаил Козлов
Ақпарат көзі:
Устинка

24 қаңтарға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Моңғолия ЕАЭО құрамына кіруі мүмкін



Шығыс Қазақстанның қоғамдастығы Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің Ұлан-Батырлық филиалы өткізген онлайн режиміндегі дөңгелек үстелге қатысты, деп хабарлайлы «Қазақпарат».

Плеханов атындағы РЭУ филиалының басшысы Алима Алипова диалог соңында бұл бастаманы моңғол жағының көтеріп отырғанын айтты.

Оның айтуынша, Моңголия сарапшылары экономика, жұмыспен қамту, тауар айналымы сұрақтарын зерделеп, қазақстандық әріптестерін жұмыс нәтижесімен таныстырған.

- Олар ЕАЭО мүшелерінің арасындағы тауар айналымы өсімін бағалап, үрдіске қатысқысы келетіндерін білдірді. Моңғол тарапы өз елінің төңірегі арқылы Ресейден Қытайға көлік байланысын орнатқысы келеді, - дейді ғалым экономист.

 

Ливиялық Бенгази қаласында жарылыс болды



Ливияның ең алып қалаларының бірі саналатын Бенгазиде автокөлікке орнатылған жарылғыш заттың іске қосылуынан 27 адам қаза тауып, 30-дан астамы жарақат алған.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, жарылғыш зат сейсенбі күні 30 минуттық аралықпен іске қосылған. Екінші жарылыс зардап шеккендерді алып кетуге келген жедел жәрдем мен халық жиналған кезде орын алған.

Жарылыс үшін әлі ешкім жауапкершілік алмай отыр.

 

АҚШ мамандары КХДР елі бүкіл әлемге қауіп төндіреді деген пікірде



 

АҚШ президенті Дональд Трамптың ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Герберт Макмастер КХДР тарапынан өсіп келе жатқан қауіп туралы ескертті.

- Бұл режимнің мәні мен оның әлемге тудырып тұрған қауіпін ескере білуіміз керек, - дейді американдық жетекшінің кеңесшісі.

Оның айтуынша, әлемдік қауымдастық «Корей түбегін денуклеаризациялаудың жалғыз шешім» екенін түсінген.

- Келіссөзде жетістікке жеттік деген жалған сенім пайда болатын, ескі қателіктерімізді қайталай алмаймыз, - дейді Макмастер.

Естеріңізге саламыз, жуықта КХДР жетекшісі Ким Чен Ын ядролық соққы туралы шешім қабылданса, бүкіл АҚШ төңірегінің қамтылатынын айтқан.

 

АҚШ-та ер адам қызметтік итті тістеп алған


Оқиға қауіпті қылмыскерлерді ұстау барысында орын алған, деп хабарлайды Росбалт.

Полиция Нью-Гэмпшир штатында кісі өліміне байланысты жергілікті үйлердің біріне келген. Мекемеде болған қос қылмыскер қарсылық танытқан.

- Олардың бірі итті тістеп алды. Ит болса оның өзін тістелей жөнелді. Сондықтан электр шогын қолданылды, - дейді полицияда.

Ер адам полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, итке шабуыл жасағаны үшін айыпталды. Жануар оқиға барысында зардап шеккен жоқ.
Следующая →