Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Михаил Козлов
Ақпарат көзі:
Устинка

11 қаңтарға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Трамп екі Корея арасындағы келіссөздің сәтті өтетініне сенімді

 

Дональд Трамптың пікірінше, КХДР мен Оңтүстік Корея арасындағы келіссөз нәтижесін апталап немесе айлап күту керек болады, деп хабарлайды Росбалт сайты.

Ол тарихи келіссөздің әлем мен АҚШ үшін игілікті болатынына үміт артатынын жеткізді.

- Не болатынын көреміз. Қайда баратынын кім біледі, бірақ бұл тек біз үшін емес бүкіл әлемнің жетістігі болады деп үміттенеміз. Алдыңғы апталар мен айларда қандай оқиғалар орын алатынын көреміз, - деді Трамп өз кабинетінің отырысында.

Ол Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Иннің телефон арқылы хабарласып, АҚШ-қа атқарылған істер үшін алғыс айтқанын бірнеше рет қайталады. Ренхап агенттігінің деректері бойынша, Оңтүстік Корея мен КХДР арасындағы диалог, АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы келіссөзге түрткі болуы мүмкін. АҚШ болса «лайықты жағдайларға» орай «ыңғайлы уақытта» КХДР үшін келлісөзге отыруға бар.

 

Гаитиде адамдар нөсерден қаза табуда

 

Гаитидің солтүстік-шығысында нөсерден қаза тапқандардың саны алты адамға жетті, деп жазады «РГ».

Қатты нөсер тасқын алып кедген. Ондаған үйлер толық қираса, көптеген шаруалар бүкіл егіндерінен айрылған. Билік адамдардың сақтық сақтап, көшуге дайындалуын сұрауда. Жауын-шашын тек бірнеше күннен кейін тоқтайды.

Гаити- Батыс жер шарындағы ең кедей елдердің бірі. Елде нөсер канализациялары мүлдем жоқ. Қатты жауындардың бір ауданды тегіс құртуы қалыпты болып кеткен.

 

Климаттың өзгеруіне байланысты Нью-Йорк әлемдік мұнай компанияларымен соттасуда

Нью-Йорк билігі климаттың өзгеруін құптайды деген айыппен ірі мұнай компанияларынан миллиардтаған доллар өндіріп алмақ, деп хабарлайды Interfax.

АҚШ-тың ең ірі қаласы «ньюйорктықтарды климаттың өзгеру салдарынан қорғау үшін» Оңтүстік Нью-Йорк бойынша аймақ сотына қуыным берді, деп мәлімдейді қала мэрі Билл де Блазио.

- Климаттың өзгерісі туралы біле тұрып, өз өнімдерін қорғап қалу үшін қоғамды алдаған бұл компанияға күрес жариялаймыз, - дейді ол. - Олардың сараңдығы бізді осындай жағдайға қалдырды. Енді олар қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін өнімдерімен бөліседі.

Мэрдің айтуынша, актив көлемі 189 миллиард доллар болатын қалалық зейнетақы қоры мұнай-газ және көмір компанияларын инвестициялаудан бас тартады. Нью-Йорктың бес зейнетақы қоры 190 компанияның құнды ұағазына 5 миллиард доллар салған, деп хабарлайды Financial Times.

 

Швецарияда лобстерлерді тірідей қайнатуға тыйым салынды

 

Швейцария лобстерлердің қиянатсыз өлім құқығын қорғамақ, деп хабарлайды Life.

10 қаңтар күні өткен отырыс барысында, Федералды кеңес 2018 жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енетін ветеринариялық заңнамаға өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл заңнамада иттерді заңсыз тасымалдау мен сату, иттердің үруін бақылайтын құрылғылар туралы бөлімдер айтылған.

Жаңа өзгерістер лобстерлердің қиянатсыз өлім құқығын қорғайды. 1 наурыздан бастап қайнаған суға бунақ аяқтыларды тірідей салып, қайнатуға тыйым салынады. Енді өлер алдында оларды талдырып тастау керек болады.

Сонымен қатар, онаяқты шаянтектестерді өзінің табиғи ортасында тасымалдау керектігін ескертті.

 
Следующая →