Өскемен
ясно
+26°
  • Өскемен
    +26°
  • Алматы
    +28°
  • Астана
    +26°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +24°
  • Орал
    +23°
  • Қарағанды
    +26°
  • Көкшетау
    +23°
  • Қостанай
    +18°
  • Қызылорда
    +30°
  • Павлодар
    +27°
  • Петропавловск
    +24°
  • Тараз
    +31°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +30°
$
471.46
504.79
¥
64.92
5.53
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

4 қаңтарға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы өзекті жаңалықтарға шолу жасады

Мохаммед Әли Джафари Иранда тәртіп орнағанын мәлімдеді

Ислам револициясы сақшылары корпусының қолбасшысы Ирандағы дүрбелеңнің аяқталғанын және қарсылық көрсетушілердің жеңілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Интерфакс.

- Бүгін біз дүрбелеңнің аяқталғанын жариялаймыз. Дұшпандар Иран Ислам Республикасына еш қауіп төндіре алмайтындығын түсінді, - дейді Мохаммед Әли Джафари.

Қолбасшы «әр қаладағы қарсылыққа шығушылардың саны 1,5 мыңнан, ал бүкіл Иран бойынша 15 мыңнан аспағанын» да айтып өтті.

Иран телеарналары қарсылық шараларында 20 адамның қаза тапқанын хабарлаған. Мұнымен қоса, Тегеранда 450 адам қамауға алынған болатын.

АҚШ президенті сайлауды тексеру үшін құрылған комиссияны таратты

Дональд Трамп 2016 жылғы сайлаудың бұрмалану ықтималдығын тексеріп жатқан комиссияны таратты. Американдық жетекшінің бұйрығы Ақ үйдің сайтында жарияланды, деп хабарлайды Корреспондент.net.

- Сайлаудағы алаяқтық туралы бірқатар деректердің болғанына қарамастан, көптеген штаттар тергеуге қажетті негізгі ақпараттарды беруден бас тартты. Салық төлеушілердің қаражатына сүйеніп, көптеген сот айқастарына қатыса алмаймын. Сондықтан бүгін комиссияны тарату туралы қаулы шығардым. Сол сияқты ішкі қауіпсіздік министрлігіне бұл сұрақтарды зерттеп, келесі әрекеттерді анықтау туралы тапсырма бердім, - дейді Трамптың баспасөз қызметі.

Естеріңізге саламыз, 2016 жылғы сайлауда бұрмалану орын алды деген соң АҚШ президенті 2017 жылдың мамыр айында арнайы комиссия құрды.

Трамптың қаулысы бойынша, комиссия федералды сайлаудағы дауыс беру үрдісін зерттеп, президентке баға беру керек болған.

Египеттік әнші Лейла Амар қамауға алынды

Египет билігі қызды азғындыққа барды деп. Төрт күнге қамауға алды, деп хабарлайды life.ru. Айта кету керек, қыз өзінің әніне бейнеклип түсірген болатын.

Прокуратура хабарлағандай, Амардың ролигіндегі би әрекеттері «интимді қатынастарды меңзейді». Сол сияқты, египет республикасының музыкалық ардагерлер одағы қызды өз құрамынан шығарып жіберді.

Британдықтар «Тақтар ойынына» арналған маркаларды шығармақ

Аталған тираж танымал фэнтези-сериалдың өндірісне қосқан Ұлыбританияның үлесіне арналады, деп хабарлайды РИА Новости.

Маркаларда телесериал кейіпкерлері, таңғажайып құбыжықтар мен танымал темір тақ бейнеленеді.

Екі маркадан тұратын жиынтық 1,21 фунтқа бағаланады. Ал телесаганың 10 кейіпкеріне арналған коллекция 99 фунтқа бағаланады. Сол сияқты пошта қызметі маркаларды коллекциялау үшін шектеулі мөлшерде арнайы альбомдар шығарады.

Следующая →