3 қаңтарға арналған әлемдік жаңалықтар легі
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы өзекті жаңалықтарға шолу жасады
Трамп КХДР еліне қарсы санкцияның нәтижелі болатынына сенімді
- Санкциялар мен өзге де «қысым шаралары» Солтүстік Кореяға әсер ете бастады. Сарбаздар Оңтүстік Кореяға қашуда. Алғаш рет «Зымыран-адамның» Оңтүстік Кореямен келіссөзге келгісі келді. Бұл жақсы жаңалық па, жоқ па – әлі көре жатармыз! - деп жазады АҚШ президенті «Твиттерде» жариялаған шағын блогында.
КХДР елінің жетекшісі Ким Чен Ын халыққа сөйлеген жаңажылдық сөзінде солтүстіккореялық спортшылардың Олимпиада Ойындарына қатысу мүмкіндігін сөз еткен. Оңтүстіккорея жағы бұл тақырыпты 9 қаңтар күні өтетін жоғары деңгейлі келіссөзде талқылауды ұсынды.
Италияда үш көлік соғылып, адам қаза тапты
Жүк көлігі, жанармай тасымалдаушы мен жеңіл автокөлік қақтығысып, алты адам қаза тапты, деп хабарлайды RT.
Оқиға Турин мен Брешие қалаларының екі ортасындағы тас жолда орын алған. Қақтығыстан соң, автоцистерна өртене бастаған.
Оқиға салдарынан жеңіл автокөліктің бес жолаушысы мен екі жүк көлігінің бір жүргізушісі қаза тапты. Қаза тапқандардың ішінде екі бала болған.
АҚШ: БҰҰ Иран туралы пікірге келуі керек
АҚШ Ирандағы жағдайларға байланысты Нью-Йорк пен Женевада БҰҰ төтенше сессиясын шақырмақ. Мұндай мәлімдемені БҰҰ жанындағы тұрақты өкіл Никки Хейли жасады.
- Бірнеше күннен кейін Нью-Йорк пен Женевадағы адам құқығының БҰҰ Кеңесінде төтенше сессия өткіземіз. Үнсіз қалуға болмайды. Иран халқы тәуелсіздік талап етуде, - дейді ол Нью-Йоркте өткен баспасөз конференциясы барысында.
Айта кету керек, Иранда өткен жаппай акция 28 желтоқсанда басталды. Қарсылыққа қатысушылардың елдің экономикалық жағдайына наразы. Халқы қарсылыққа шыққан қалалардың ішінде Тегеран, Мешхед, Исфхан бар. Дүрбелең барысында 20 адам қаза тауып, 450 адам қамауға алынған.
Өз кезегінде Иранның бас жетекшісі Али Хаменеи жаппай қарсылыққа ислам мемлекетіндегі жауларды кінәлап отыр.
- Иран жаулары бірлесіп, құзырындағы қаражат, қару, саясат және барлау күштері сынды мүмкіндіктерін пайдаланып отыр. Олардың мақсаты – ислам республикасын дүрліктіру. Жаулар иран ұлтына соққы беріп, оған еніп кету үшін кез келген мүмкіндікті пайдаланады, - дейді иран жетекшісі.
Перуде жолаушылар отырған автобус құзға құлады
Перудегі Панамерикан тас жолындағы құзға құлап кеткен автобуста 25 адам қаза тапты. Бұл туралы life.ru хабарлайды.
Перуполициясының хабарлауынша, автобуста барлығы 50 адам отырған. Автобус жергілікті халық «шайтан бұрылысы» деп атайтын жерге жеткенде 100 метр биіктіктен құлап кеткен. Оқиға Перу астанасына жақын маңдағы Лима жерінде орын алған.
Құтқарушылар жолаушыларды іздестіру шараларын жалғастыруда. Кейбір нұсқа бойынша, автобус өзге көлік құралымен соғылуы мүмкін.
Пэрис Хилтон күйеуге шығады
32 жастағы әртіс, манекенші Крис Зилка Пэрис Хилтонмен кездесіп жүр. Бұл байланыс некеге алып келуі мүмкін, деп хабарлайды elle.ru.
Аспенедегі демалыс барысында Зилка Пэриске жүрегі мен қолын ұсынған. Тау шаңғысы еңістігінде Крис бір аяғна тізерлер, Хилтоннан әйелі болуын өтінген. Пэрис ұсынысты қабыл алып, сүйіктісінен 20 каратты жақұты бар жүзік таққан.
Өздерінің некелескендері туралы Пэрис «Инстаграмнан» жариялаған.
- Мен «иә» дедім! Бүкіл өмірлік махаббатыңмен некелесу – бақыт. Ең тамаша досым, екінші сыңарым. Барлық қырымен сай келеді. Сенімді, жомарт, сүйікті және жақсы. Мен әлемдегі ең бақытты қызбын! Арманым орындалды! Ертегінің шынайы болмысын танытқаны үшін рахмет, - деп жазады Пэрис.