Ким Чен Ын Солтүстік Кореяның ядролық қару жасау әрекеті тоқтатылғанын хабарлады
Оның ойынша, Солтүстік Кореяның ядролық қаруы бар болғандықтан, АҚШ оған қарсы соғыс бастай отыр
Солтүстік Корея басшысы мұндай мәлімдемені Жаңа жылдық құттықтау кезінде жасады. Ким Чен Ын ұлттық зымыран жасау бағдарламасының жетістіктерін сөз етіп, ядролық қарудың басқышы жұмыс үстелінің астында тұрғанын айтты.
- Құрлықаралық баллистикалық зымыранды аттандырудың соңғы дайындықтарын жасап жүрміз, - деді көшбасшы.
Бұған дейін Оңтүстік Корея мен Жапония мамандары Солтүстік Корея баллистикалық зымыранды сынақтан өткізетін болса, онда оған ядролық заряд қосып жаратындығын айтқан болатын.
Ал Ким Чен Ын болса, құрлықаралық баллистикалық зымырынды жаппай жасау туралы үндеу тастап отыр.