Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +21°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Михаил Козлов
Ақпарат көзі:
Устинка

29 желтоқсанға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

АҚШ пен Израиль Иранның ядролық бағдарламасына қарсы

Иран саясатына қарсы шығу үшін АҚШ пен Израиль ынтымақтастық туралы жасырын келісімге келген, деп хабарлайды Interfax.

Екі жақ 12 желтоқсан күні Вашингтон қаласында келісімге келген. Оның басты тақырыбы – Иранның ядролық зымыран бағдарламасын жүзеге асыруына қарсы шығу.

Құжат бойынша АҚШ президенті Дональд Трамптың 13 қазанда ұсынған ирандық атом туралы келісімі қайта қаралады. Сол сияқты таяушығыс өңірінде Иран саясатына қарсы шығу үшін біріккен команда құрылады.

Командалардың бірі Иран мен ливандық «Хезболла» қозғалысы жауынгерлерінің байланысын үзеді. Екіншісі – Тегеранның ядролық әрекетін тоқтатуға тырысады. Үшіншісі – иранның зымыран бағдарламасына қарсы шығады. Төртіншісі - «Хезболла» мен Иран әрекетінің басталуына бақылау жүргізеді.

Келісім бойынша келіссөзді американдық президенттің қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Герберт Макмастер мен оның израильдік әріптесі Меир Бен-Шабат жүргізген.

Трамп Қытайдың КХДР еліне мұнай тасымалдауды тоқтатуын талап етті

АҚШ президенті Дональд Трамп КХДР еліне мұнайдың тасымалдануына наразылық білдіріп, бұған Қытайды кінәлады.

КХДР-дың ядролық зымыран бағдарламасын тоқтатуға көмектеседі деген үмітпен нарық саласында Қытайға «тым жұмсақ болғанын» да Трамп айтып өтті.

- Солтүстік Кореяға мұнай жеткізілуде. Мен бұған келіскен жоқпын, - дейді АҚШ президенті дауысын көтеріп. - Егер ҚХР Солтүстік Корея мәселесін шешуге көмектеспесе, бәрнешк мәрте ескерткенімді жүзеге асырамын.

Трамп жуықта Твиттер арқылы «егер Қытай көмектеспесе, КХДР айналасындағы ядролық және зымыран мәселесін бейбіт жолмен шешуге болмайтынын» ескерткен.

2017 жылы Сирияда 39 мың адам көз жұмған

Сириядағы азамат соғысына байланысты 2017 жылы 39 мың адам қаза тапқан. Мұның ішіне 2100 бала мен 1500-ге жуық әйел кіреді. Бұл туралы Ұлыбританияның Адам құқығы бойынша Сириялық бақылау кеңесі хабарлайды.

12 ай ішінде соғыста Башар Асадтың 3000 жауынгері қаза тапқан. Ал «Ислам мемлекеті» мен «Джебхат Фатх аш-Шам» террористік ұйымында қаза тапқандардың саны 7 500-ге жеткен.

2016 жылдың қарулы қақтығысында бұл көрсеткіш 49 мыңға және 2015 жылы – 55 мыңға жеткен болатын. 2011 жылдан бастап жеті жыл ішінде бұл елдің жарты миллион адамы көз жұмған.

Apple компаниясы ескірген iPhone-дардың жұмыс жылдамдығын төмендеткеніне кешірім сұрады

- Apple көңіліңізді қалдырған әсерде шығарсыздар. Сіздерден кешірім сұраймыз. Бұл мәселе көптеген түсініспеушілік тудырғандықтан, барлығын түсіндіріп, қандай өзгерістер әкелетінімізді айтқымыз келеді, - дейді хабарландыруда.

Компания Apple өнімдерінің қызметін төмендету үшін ешқандай шара қолданбағанын және оған бармайтынын айтты.

- Біз тұтынушыларымызға ұнайтын өнімдерді дайындауға тырыстық. Ал ең ұзақ жұмыс істеген гаджеттер – біздің негізгі мақсатымыз болған, - дейді Apple.

Корпорация өкілдері АҚШ-тағы ескі модельдердің батареяларын ауыстыру қызметін арзандататынын, келесі жылы iOS батарея қызметі туралы жаңа ақпараттар беретінін айтты.

«Тақтар ойынының» түсірілімі тоқтады

Киноэпопеяның шығармашылық ұжымы ең көрнекті бөлімдерге дайындалу үшін демалысқа шықты, деп хабарлайды lenta.ru

Түсірілім 2018 жылы жалғасатын болды.

Следующая →