Қытай билігі Шанхайдағы халық санын 25 миллионнан асырмауды ойлап отыр
Шанхай – Қытайдың ғана емес, әлемдегі ең үлкен әрі халық тығыз қоныстанған қалалардың бірі. Мұнда 24 млн адам өмір сүруде
Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік кеңесі 2035 жылға дейін Шанхайдағы халық саны 25 миллионға дейін жетеді дегенді айтады. Ал қала билігі халықты 25 миллионнан асырмау жөнінде бағдарлама дайындап, Мемлекеттік кеңеске өткізген. Ал Кеңес бұл бағдарламаны мақұлдап, халық санын аталған цифрдан асырмауға шешім шығарған.
- Тұрғын үй салуға тек 3,2 мың шаршы метр жер ғана беріледі, - делінген хабарламада.
Қытай билігі халық санын шектеу арқылы жұқпалы аурудың тарауын тоқтатуды ойлап отыр. Халық көп қоныстан қалалардың ауасы ластанып, аурулар саны көбейеді. Ал оның емдеуге аурухана қызметі қауқарлы емес дегенді меңзейді.