Өскемен
ясно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +29°
  • Астана
    +25°
  • Ақтөбе
    +30°
  • Актау
    +28°
  • Орал
    +26°
  • Қарағанды
    +27°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +26°
  • Қызылорда
    +36°
  • Павлодар
    +26°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +29°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +32°
$
464.72
+5.12
496.32
+3.26
¥
64
+0.70
5.4
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

26 желтоқсанға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы өзекті жаңалықтарға шолу жасады

Aston Martin 5,5 мыңға жуық автокөліктерін кері қайтарады

Спорткар өндіретін британдық Aston Martin келесі жылдың басында АҚШ-қа 5,5 мыңға жуық автокөліктерін трансмиссия мен электржолындағы мәселелерге байланысты кері қайтармақ. Бұл туралы дүйсенбі күні Рейтер агенттігі хабарлады.

Қайтарылатын көліктердің ішінде 2009-2016 жылдары шығарылған DB9, DBS, Rapide, Virage модельдері мен Vanquish флагман спорткарлары бар.

Aston Martin-де айтып өткендей, кері қайтарылатын көліктерде тұрақтандыру режимі дұрыс істемейтін қателіктер бар. Бұл автокөліктердің өз-өзімен қозғалып кетуіне, ЖКО-ға алып келуі мүмкін.

Сол сияқты DB9 және DBS модельдерінде аккумуляторды жалғайтын сымдарда кемшіліктер бар. Олар өрт оқиғасына алып келуі ықтимал.

Автоөндіруші кемшіліктерді тегін жояды. Тиісті жұмыстар келесі жылдың 1 ақпанынан басталады.

 

Оңтүстік Корея КХДР бойынша арнайы мекеме ашады

 

Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрі ашуланшақ мінезі бар көршісіне байланысты сұрақтармен айналысатын арнайы құрылым ашады, деп хабарлайды Корреспондент.net.

Бұл шаралар «Солтүстік Корея тарапынан туындап тұрған ядролық зымыран қауіпінің өсуіне жауап беру үшін» қажет.

Жоспар бойынша, ел қарулы күштерінің біріккен басшылар штабы комитеті жанындағы Ядролық әрекет ету орталығымен тығыз байланыста болатын КХДР ядролық бағдарламасына қарсы бөлім ашылады.

 

«Реалдың» румындық жанкүйері сүйікті командасы жеңілген соң үйін өртеп жіберді

 

Испания чемпионаты матчында мадридтіктер «Барселонадан» жеңіліп қалған соң, румындық «Реал» жанкүйері өзінің үйін өртеп жіберді, деп хабарлайды РОСБАЛТ.

70 жастағы ер адам өз үйіне қамалып, от жағуға арналған балонды пешке лақтыра салған.

Үйден шығып жатқан қара түтінді көршісі көріп, көмекке шақырған. Ер адам үйден аман есен құтқарылды. Басылымның хабарлауынша, ер адам осылайша өз-өзін өлтірмек болған. Ол өзінің сүйікті командасын мұндай күйде көргісі келмейтінін айтты. Енді ол психиатриялық сараптамадан өтеді.

 

Кубалық отшашу фестивалінде жарылыс болды

Reuters хабарлағандай, жарылыс нәтижесінде 22 адам жарақат алса, оның ішінде 11-15 жас аралығындағы алты бала бар.

Жарылыс Ромедиос қаласында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін отшашу фестивалінде орын алды.

Жарақат алғандар жеткізілген ауруханада зардап шеккендердің бір бөлігі ауыр халде екенін айтады. Зардап шеккендердің барлығы – жергілікті тұрғындар.

 
Следующая →