25 желтоқсанға арналған әлемдік жаңалықтар легі
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы өзекті жаңалықтарға шолу жасады
Сауд Арабиясында сыбайлас жемқорлыққа айыпталған 20 шенеунік босатылды
Бұл туралы ТАСС агенттігі американдық «Уолл-стрит Джорнэл» газетіне сілтеме жасай отырып хабарлады.
Соңғы аптада босатылған адамдардың арасында әлеуетті тұлғалар да бар көрінеді. Олардың ішінде бұрынғы қаржы министрі және Сауд Арабиясындағы мемлекеттік Saudi Aramco ("Сауди Арамко") мұнай компаниясы басшыларының бірі Абдель Азиз аль-Ассаф бар. Ол Меккедегі мешітті кеңейту жобасына байланысты алаяқтыққа айыпталған.
Босатылғандардың ішінде қаржы министрінің бұрынғы көмекшісі және Saudi Telecom ("Сауди телеком") компаниясының бұрынғы басшысы, ханзада Турки бен Халид бар.
- Олардың барлығы босатылды, - дейді басылым шенеуніктер арасындағы ақпарат көзіне сүйеніп. - Жиырмадан астам адам босатылды.
Айта кету керек, жуықта сыбайлас жемқорлыққа айыпталғандарға қатысты сот тергеуі басталады.
Американдық полиция абайсыз алты жасар баланы атып алды
Оқиға Сан-Антонио қаласында орын алған. Қылмыскерді қуалау барысында, ол бала отырған трейлерге жасырынған. Жергілікті шериф Хавьер Салазардың айтуынша, құқықбұзушы баспалдаққа шығып оқ ата бастаған. Тәртіп сақшылары оның көзін жойса да, атылған оқтың бірі қабырғаны тесіп, балаға тиіп кеткен. Ол ауруханаға барар жолда көз жұмды.
Аталғандай, бала католиктік Рождества қарсаңында көз жұмды.
Атысқа қатысқан төрт полиция қызметкерлері жұмыстан босатылды. Қазір тергеу жүргізілуде.
Қайғылы оқиғадан соң GoFundMe платформасында жерлеу рәсіміне арналған қор ашылды. Екі күн ішінде 442 адам 14,5 мың доллар қаражат жинады.
БҰҰ Бас ассамблеясы алдыңғы екі жылға арналған бюджетті бекітті
РОСБАЛТ агенттігі хабарлағандай бюджет 5,395 млрд долларды құрайды.
БҰҰ тұрақты бюджеті 193 мүше елдердің жарнасымен қалыптасады. Жарна көлемі елдердің төлеуге қабілеттілігімен өлшенеді. Төлемнің ең үлкен бөлігі дәстүрлі түрде АҚШ-қа тиесілі. Олар жалпы соманың 22 пайызын төлейді.
БҰҰ қаржыландыру бойынша жетекшілердің ішіне Жапония мен Қытай кіреді.
Дональд Трамп БАҚ өтірік айтады дейді
АҚШ президенті өз қызметінің қаралы тұстары туралы Американың жетекші БАҚ өкілдері жариялаған деректерді жалған жаңалықтар деп есептейді.
- Олар жалған сауалнамаларды, жалған жаңалық сияқты жариялайды. Түрлі кертартпа хабарландыруларға қарамастан, бізде барлығы жақсы – ешкім бізді оза алмайды. Американы қайта ұлы етейік! - дейді АҚШ басшысы.
Естеріңізге саламыз АҚШ азаматтарының 63 пайызы Дональд Трамптың жұмысына қанағаттанбайтындарын жариялаған.
Данияда 160 миллион долларға әлемдегі ең ыңғайлы түрме жасалды
RT хабарлағандай, қылмыскерлердің жазаланатын орны Гундслев қаласына жақын маңда салынып, өзіндік Сторстрем деген атауын алған.
Қамақтағылардың жағдайы өте жақсы – әрбір камерада теледидар, тоңазтқыш, шкаф, үлкен терезе, тіпті жеке ваннасы бар.
Мұнымен қоса, түрмеде «жалпы бөлме» бар. Ол жерде қамалушылар бір бірімен әңгімелесіп, өздерінің ауылшаруашылық орындары мен бақтарында жұмыс істейді.
Аталған мекемеде 250 адам отырады.
Следующая →
Тақырыптар:
Утренняя панорама мировых новостей Борьба с коррупцией в Саудовской Аравии Правоохранительные органы США Организация Объединенных Наций Президент США Дональд Трамп Тюрьмы в Дании