Тереза Мэй әйел кейпіндегі Джеймс Бондтың түсірілгенін қалады
Мұндай мәлімдемені Ұлыбритания премьер-министрі журналистермен өткен кездесу барысында айтты
Т. Мэй мұндай пікірді Рождество кезінде «Доктор Кто» сериялының жаңа бөлімдерін көру ниетімен қоса айтты. Бұл туындыда алғашқы рет басты рөлді британдық әртіс Джоди Уиттакер сомдады.
- Менің пікірімше, бұл әйелдері ықпалын кеңейтуге деген үлкен қадамдар. Уақыт өте келе әйел Джеймс Бондтың пайда болғаны керек, - дейді премьер.
Өз кезегінде Тереза Мэй бұл туындының басты ролінен кімді көргісі келетінін нақтыламады.
Агент 007 туралы соңғы фильм «Спектр» 2015 жылы шығып, 880 млн доллар қаражат жинаған еді. Келесі картинаның таныстырылуы 2019 жылдың қарашасына жоспарлануда. Болжам бойынша агент туралы соңғы төрт фильмді сомдаған Дениел Крейг қайтадан басты рөлді ойнайды.
Следующая →