Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Михаил Козлов
Ақпарат көзі:
Устинка

11 желтоқсанға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы өзекті жаңалықтарға шолу жасады

Каталония сайлауында тәуелсіздікке шақырғап партия жеңді Жергілікті парламентке өтуге арналған сайлау барысында Каталонияның тәуелсіздігін қолдайтын үш партия 90 пайыз дауыс жинап, 135 орынның 70-не ие болды, деп хабарлайды Interfax. 34 депутаттық мандат алады деп отырған «Каталония үшін бірге» партиясының үміткерлері бар, оның жетекшісі - Каталонияның бұрынғы басшысы Карлеч Пучдемон. Испанияда оның атына қамау туралы үкім шыққандықтан, ол Бельгияда жасырынуда. Парламенттегі тағы 32 орынды «Каталонияның сол республикандықтары» партиясы мен оның басшысы, К. Пучдемонның бұрынғы орынбасары Ориол Жункарес – автономияның тәуелсіздігін жариялау туралы референдумнан соң қамауға алынды. Төрт мандат «Халық бірлігінің кандидатурасы» партиясына өтеді. Каталония тәуелсіздігін жақтаушылар сайлау қорытындысын қуана қарсы алып, тойлауға кірісіп кетті. Бақылаушылардың айтуынша, мұндай қорытындысы автономиядағы тұрақтылықты қайта бұзатын жағдайларға алып келуі мүмкін. Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияларды жарты жылға созды Еуроодақ Ресей Федерациясына қарсы экономикалық секторальлы санкцияларды 2018 жылдың 31 шілдесіне дейін созу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ТАСС. - 21 желтоқсан күні ресейлік экономика секторларының бірқатарына қарсы санкциялар 2018 жылдың 31 шілдесіне дейін ұзартылды, - дейді ұйым баспасөз мәлімдемесінде. Шекеу шараларын ұзарту туралы саяси тұжырым 14-15 желтоқсан күні Брюссельде өткен ЕОО саммитінде қабылданды. Израиль азаматшасы 42 жасында 20-шы баласын дүниеге әкелді Көпбалалы бақытты ана Иерусалимде тұрады. РОСБАЛТ сайты хабарлағандай, босану бірнеше сағатқа созылып, ұл бала дүниеге аман есен келген. Журналистердің көптеген сұрақтарына қарамастан, әйел өз жанұясы туралы дерек беруден бас тартты. Тек жиырма баланың ішінде екі егіз бары ғана белгілі. Ол қазіргі таңда әже атанып үлгерген. АҚШ азаматтары есірткіден жаппай қырылуда 2016 жылы 63600 американдық есірткіні артық мөлшерде пайдаланып қаза тапқан. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 21 пайызға артық, деп хабарлайды LENTA.RU. 40 мыңнан астам өлім опиоидты пайдаланумен байланысты. Мұнымен қоса жасанды опиоид пайдаланғандардың саны тіпткен көп. 2016 жылы – 19413 қаза, ал 2015 жылы – 9580 қаза тіркелген. Жастар өлімінің артуына байланысты екінші жыл қатарынан ұзақ өмір көрсеткіші төмендеді. - Көпжылдық өмір көрсеткішінің төмендеуі Африкадағы ЖИТС эпидемиясы мен Сирия, Ауғаныстан соғыстарына байланысты, - дейді профессор Маджи Эззати. Тамыз айында АҚШ президенті Дональд Трамп елдегі есірткі эпидемиясының қауіпті деңгейге өскенін мәлімдеген. Оның айтуынша, «денсаулық сақтау саласында төтенше жағдай» жариялау керек.
Следующая →