20 желтоқсанға арналған әлемдік жаңалықтар легі
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады
Венесуэладағы әскери бөлімге қарулы адамдар шабуыл жасады
Болған оқиғаға жауапкершілікті іздеуде жүрген бүлікшіл офицер Оскар Перес алды, деп хабарлайды ТАСС. Бұл туралы Боливариан Республикасының президенті Николас Мадуор хабарлады.
- Қарулы күштер бөліміне террористік шабуыл жасалды, - дейді мемлекет басшысы. - Олар (шабуыл жасағандар) бірнеше автоматты мылтық ұрлап кетіп, шабуыл жасайтындарын айтты.
Мадуро мұндай жағдайда қатаң әрекеттерге баруды бұйырды.
- Республика бейбітшілігіне қарумен қауіп төндіретін адамдарға мүлдем төбеңдер, - деп ол кесіп айтты.
Шабуыл барысында зардап шеккендер туралы халыққа жарияланбады.
Оскар Перес өзінің «Твиттер» парақшасында қарулы адамдармен казарманы басып алғаны туралы бейнені жариялады. «Универсаль» газетінің электронды нұсқасы жариялағандай, шабуылшылар 26 мылтық пен 3 тапаншаны қолды етіп кеткен.
Кеңестік жер серігі радардан жоғалып кетті
Zakon.kz сайты хабарлағандай, «Целина-Д» барлаушы жер серігі Оңтүстік Америка төңірегінде радардан жоғалып кеткен. Болжам бойынша ол Тынық мұхитына құлаған. Мұндай деректі Satflare.com сайтында жарияланған Солтсүтік Америка Әуе-ғарыш қорғанысы басқармасының деректері дәлелдейді.
Илон Маск өзінің телефонын абайсыз жариялап жіберді
Илон Масктің нөміріне хабарласып үлгергендердің барлығы автожауапбергіштені God of War ойынының әуенін ести алады, деп хабарлайды life.ru.
Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы және инженері Илон Маск «Твиттердегі» әңгіме барысында абайсыз өз нөмірін айтып қойды. Бұл туралы Business Insider басылымы хабарлайды.
Аталғандай, Oculus техникалық директоры Джон Кармакпен болған әңгіме барысында Маск оның хабарласуын өтініп, нөмірін айтып қойған.
Бірақ миллиардер өзінің жеке ақпараты көрсетілген твитті бірден өшіріп тастаған. CNBC телеарнасы журналистердің бірі нөмірді жаттап алып, хабарласқанын, бірақ инженердің орнына God of War ойынының әуені жазылған авто жауап бергішті естігенін айтады. Мұндай дыбысты онйында жасырылған нөмірлерге хабарласқанда естуге болады.
- Құдайдың рахымымен, сен мұны орындадың. Бұл жолды әйтеуір таптың. Құттықтаймын сені, құрметімді білдіремін саған, - дейді хабарландыруда.
«Твиттердегі» нөмірдің алдын ала ойластырылған әзіл ме, әлде Маск өзінің жанкүйерлерінің шабуылынан «қорғанды ма, белгісіз.
Эстония өзінің крипто-валютасын шығармақ
Эстония үкіметі estcoin (эсткоин) токенін шығара отырып, жалпы ұлттық ICO жоспарын жүзеге асыратынын жариялады. Бұл шетелдіктерге Эстониядан компания ашып, оны қашықтықтан басқаруға мүмкіндік беретін электронды резиденцияны дамытуы керек. ICO көмегімен республика электронды азаматтық бағдарламасын дамытып, көптеген компанияларды өзіне тартпақ.
Эстондық онлайн-резиденттік бағдарламасының басшысы Каспар Корьюс бұл жоспарлар туралы тамыз айтқан болатын. Қыркүйек айында Еуропалық Орталық банк басшысы Марио Драги ЕО мүше елдерінің бірде біреуі мұны істей алмайтынын ескерткен. Себебі еуроаймақ валютасы – еуро болып табылады. Алайда эсткоин валютаға жатпайды. 19 қазан Корьюс «Эстонияның жалғыз валютасы – еуро, және оны ешкім ауыстырмайды» деп жауап берген.
Берлин метросында ер адам тапаншамен отыратын орын сұраған
Куәгерлердің айтуынша, 78 жастағы зейнеткер 25 жастағы әйелден дөрекі түрде орын беруін сұраған, деп хабарлайды lenta.ru.
Ер адам өзінің полиция қызметкері екенін айтып, дорбасынан тапанша алып шыққан көрінеді.
Тәртіп сақшылары оны бірден ұстап, учаскеге алып келген. Тәртіп бұзушының кім екені анықталып, қаруы тәркіленіп, босатылған. Тергеу амалдары жалғасуда.
Следующая →
Тақырыптар:
Утренняя панорама мировых новостей Нападение на военных в Венесуэле Президент Венесуэлы Николас Мадуро Падение советского спутника в Тихий океан Илон Маск Криптовалюта в мире Правоохранительные органы Германии