Джакартада АҚШ Президентіне қарсы жаппай наразылық өтуде
Трамп Иерусалимді Израильдің астанасы деп атағаннан бері Индонезияның астанасында жаппай наразылық пайда болды
Ал жексенбі күні 40 мыңға жуық адам Джакартадағы АҚШ елшілігі алдына келіп, наразылық акциясын өткізді. Митингке келген адамдардың бір-ақ талабы бар. Ол – АҚШ Президенті Д.Трамптан Иерусалимді Израильдің астанасы деп атаудан бас тартқызу.
Бұл жайында Сингапур газеті "Стрейтс таймс" хабарлап отыр.
Индонезия полицейлерінің айтуынша, акция бейбіт мақсатта өтуде, елдегі жағдай тұрақты.