Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

13 желтоқсанға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат экономика салаларындағы өзекті жаңалықтарға шолу жасады

Австрияда газ хабында жарылыс болды

Австрияның конституцияны қорғау және терроризммен күрес федералды мекемесі Баугартендегі өртті теракт емес деп мәлімдеді, деп хабарлайды Interfax.

Сейсенбі күні таңертең Баумгартенде жарылыс болып, арты алып өртке ұласқан. Нәтижесінде 18 адам жарақаттанып, бір адам қаза тапқан.

Апат нәтижесінде Австрияның оңтүстігі мен оңтүстік-батысына, Италияға баратын ресейлік газ тасымалы тоқтап қалды.

- Қазіргі уақытта қасақана жасалған шабуыл немесе өзге де акті туралы дәлелдер жоқ, - дейді мекеме өкілі.

АҚШ-та ер адам авиалайнер жолаушыларын тістеп тастады

Оқиға Лос-Анджелес пен Нью-Йорк арасында ұшатын JetBlue әуекомпаниясының ұшағында орын алған, деп хабарлайды life.ru.

Борттағы дәрігерлер оқиғаға араласпақ болған. Бірақ ер адам олардың өзіне шабуылға шыққан.

Нәтижесінде әуе кемесінің капитаны ұшақты кері қайтарып, Лас-Вегасқа қонды. Еркек сол жерде ұсталды.

Су тасқынына байланысты Италияда екі мыңнан астам адам көшірілді

Италияның Эмилия-Романья өңірінде қатты жауын салдарынан Энца және Секкья өзендеріндегі су қатерлі деңгейге көтерілді, деп хабарлайды ТАСС.

Бұл туралы территориалды қауіпсіздік пен азаматтық қорғаныс агенттігінің өңірлік басшысы Маруццио Маинетті мәлімдеген.

- Жалпы, 2,1 мың адамның көшірілгені туралы айта аламыз, - дейді Маинетти «Реджо сера» газетіне.

Оның айтуынша, қазір үйлерінде қалып қойған адамдарды құтқару жұмыстары жүруде. Оларды көшіруге тікұшақтар да жұмылдырылған.

КХДР басшысы өз елін «ең мықты ядролық державаға айналдыруға» уәде берді

Өндірістік қорғаныс жұмысшыларының съезінде мемлекет басшысы көпжылдық мақсаттар мен стратегиялық міндеттерді анықтады, деп хабарлайды РОСБАЛТ.

Ким Чен Ын атомды және сутегі бомбаларын жасаудағы сәттілікті, «Хвасон-15» континентаралық баллистикалық зымыранды «партия мен халықтың тарихи жеңісі» деп атады.

Корей түбегіндегі жағдай қараша айында, Пхеньян екі жарым ай ішінде алған зымыран ұшырған соң ушыққан болатын.

Канадада жанкүйерлер хоккейшілерді ойыншық аюмен көмкерді

Бұл жыл сайны өтетін Teddy Bear Toss акциясы аясында өткізілетін шара. Акциядан соң жұмсақ ойыншықтар жергілікті 60 қайырымдылық мекемелеріне жіберіледі. Қайырымдылық шарасы бірнеше жыл қатарынан өткізіліп келеді, деп хабарлайды life.ru.

Алғаш 1995 жылы өткенде жанкүйерлер 1,3 мың жұмсақ ойыншық жинаған болатын. Ал 2015 жылы 28 815 жұмсақ ойыншық жиналып рекорд орнатылған.



Следующая →