6 желтоқсанға арналған әлемдік жаңалықтар легі
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы өзекті жаңалықтарға шолу жасады
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Минскідегі кездесу қорытындысын шығарды
Қазақстан жетекшісі мен Ресей президенті телефон арқылы байланысқа шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әңгіме барысында 30 қараша күні Минскіде өткен Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысымен бірге, бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.
Минскідегі саммиттен соң Ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім Ұйымы Қазақстан Республикасының құзырына өткен болатын. Енді бұл ұйымның кезекті кеңесі 2018 жылы Қазақстанда өтеді.
Олимпиада комитеті Ресейге 15 млн доллар айыппұл салды
Inside the Games хабарлағандай, Ресей Халықаралық олимпиада комитеті ұйымдастырған тергеу және допинг сынағын қайта тексеру жұмыстарының шығынын өтеуге міндеттеледі.
Жуықта хабарланғандай, Ресей Олимпиадаға бейтарап тумен шығады. Мутко мен Нагорный өмір бойынша шеттетілді.
Австралиялық дәрігер адамды қинамай өлтіретін машина ойлап тапты
Сұйық азотпен жұмыс істейтін құрылғы адамды бірнеше секунд ішінде жан тәсілім етеді, деп хабарлайды life.ru.
Эвтаназияны жақтаушы дәрігер Филипп Нитшке Нидерланд инженері Александр Банникпен бірлесе отырып, Sarco деп аталатын машина капсула ойлап тапты. Ол емделуге келмейтін адамдардың қиналмай көз жұмуына көмектеседі.
Құрылғы 3D-принтерінің көмегімен басылып шығады. Ол сұйық азот құйылған ыдыс пен салынбалы капсуладан тұрады. Ауыр дертке шалдыққан адамды құрылғыға кіргізіп, төрт белгілі активациялық код енгізіледі. Капсуладағы көмірқышқыл азая бастағанда, сұйық азот енгізіледі. Өлім бірнеше минуттан соң көмірқышқылдың жетіспеуінен болады.
Тереза Мэйға қастандық жоспарланған
Ұлыбритания арнайы қызметкерлері ел премьер-министрі Тереза Мэйге ұйымдастырылмақ болған қастандықтың алдын алды. Бұл туралы Біріккен Корольдіктің М15 қайта барлу қызметіні басшысы Эндрю Паркер мәлімдеді, деп хабарлайды РИА новости.
Ағымдағы аптада Лондонда және Бирмингемде өткен рейд барысында Мэйге қастандық дайындады деген күдікпен екі адам ұсталды. Оларға терроризм туралы бап бойынша айып тағылды. Ұсталғандар премьер резиденциясының жанында сөмкемен тұмшаланған бомба жарып, пышақпен шабуыл ұйымдастырмақ болған.
Жуықта Лондон полициясы 20 жастағы астана тұрғыны Нааймур Закарии Рахман мен 21 жастағы Бирмингем тұрғыны Мохаммед Акиб Имранға теракт ұйымдастырмақ болды деген айып таққан. Алайда Скотланд-Ярдта ұсталған ер адамдардың үкіметке шабуылымен байланысы барын растамады.
2017 жылы Ұлыбританияда бес теракт орын алды. Оның ішінде ең ірісі 22 мамырда Манчестерде өткен концертте ұйымдастырылған. Ол кезде 22 адам қаза тапса, 12-сі балалар болған.