Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Михаил Козлов
Ақпарат көзі:
Устинка

5 желтоқсанға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түске саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Оңтүстік Корея КХДР-ға ядролық соққы беру нұсқасын қарастырды

КХДР континентаралық «Хвасон-15» баллистикалық зымыран сынағын жүргізген соң, бірнеше күн өте салысымен Оңтүстік Корея өзінің тарихындағы ең ауқымды әскери дайындығын көрсетіп, жауап берді, деп хабарлайды MK.RU сайты.

АҚШ пен біріге отырып, ол солтүстіккореялық зымыран нысандарына соққы жасады. Пхеньян бұл әрекеттерге бірден жауап берді. Оның айтуынша, Сеул әрекеттері «түбекте ядролық соғыс қауіпін төндіреді» және жауапты шараларға жүгінеді.

Қытай мен Ресейдің әскери маневрлерді тоқтатуға шақырғанына қарамастан, қос Корея түбектегі қысымды тек үдете түсуде.

Роботтар жүздеген миллион адамды жұмыссыз қалдырады

Бірқатар салалардың автоматтандырылуына байланысты, алдыңғы он жылдықта көптеген адамдарға жаңа жұмыс іздеуге тура келеді, деп хабарлайды Интерфакс. Консалтингтік McKinsey & Co фирмасының мамандары бұл көрсеткішті 75-375 миллион адамға бағалап отыр.

- Мұнымен қоса көптеген адамдарға жаңадан бейімделу керек болады. Себебі олардың мамандықтары әлдеқайда қабілетті машиналармен дамиды, - де йді фирма мамандары.

Олардың айтуынша, экономика үшін жұмыс орындары қысқартылып қана қоймай, қызметтердің жаппай өзгеруі орын алады.

Аталғандай жуық жылдарда 60 пайыз қызметтердің 30 пайызға жуығы автоматтандырылатын болады.

Дональд Трамп TIME нұсқасы бойынша «жыл адамы» атануы мүмкін

ҚХР төрағасы және КХДР жетекшісімен бірге Дональд Трамп лайықты атақ иелерінің тізіміне енгізілді, деп хабарлайды ТАСС.

2016 жылы президент сайлауынан соң Дональд Трамп «жыл адамы» атанып қойған.

Сонымен қатар бұл номинанттардың арасында әлемдегі ең бай адамдардың бірі, американдық кәсіпкер Джефф Безос, 2016 жылғы АҚШ сайлауына Ресейдің араласуы мүмкін деген күдікті тергеушіарнайы прокурор Роберт Мюллер, корольдікте жемқорлыққа қарсы кампания ашқан Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Сальман, нәсілшілдікке қарсы компания ұйымдастырған америкалық футболшы Колин Кэперник, фантастикалы «Ғажайып әйел» шытырман фильмінің шығарушы режиссері Пэтти Дженкинс кіріп отыр.

TIME «Жыл адамын» 1927 жылдан бері таңдайды. Ол кезде бұл атаққа Атлант мұхитын жалғыз ұшып шыққан американдық Чарльз Линберг ие болған. «Жыл адамы – 2017» сәрсенбі күні жарияланады.

Испандық дін қызметшісі Христос ескерткіш ішіне хат жасырып кеткен

Иса пайғамдардың мүсінін қалпына келтіріп жүрген испандықтар үш ғасыр бұрын жазылған хатты тауып алды, деп хабарлайды Газета.ru.

Ескерткіш Испанияның Сатильо-де-ла-Рибера муниципалитетіндегі Санта-Агуэла сарайында тұрған. Қалпына келтіру жұмыстары барысында зерттеушілер Христос байлауышын сипаттайтын ескерткіш бөлігі алынатынын байқаған. Ал оның астында хат салатын арнайы қуыс болған.

Мәтін авторы – Бугро-де-Осма кафедралы соборының капелланы Хоакин Мингес. Құжат мерзімі 1777 жылмен көрсетілген. Хатта ескерткішті жасаған мүсінші Мануэл Бал туралы, оның Сотильо-де-ла-Рибера соборларына тағы бес данасын жасағаны туралы айтады. Сол сияқты Мингес сол жылдардағы өмір туралы, өңірде қандай дақылдар өсірілгенін, тұрғындардың қандай аурулардан зардап шеккенін, қалай көңіл көтеретіндерін жазған. Мамандардың айтуынша, мәтіннен Мингестің ұрпақтарына жазғанын көруге блдады.

 

Следующая →