Америка БҰҰ дайындаған келісімшартқа қол қоюдан бас тартты
Осылайша АҚШ билігі 2018 жылдан бастап босқындар мен мигранттарды өз еліне қабылдамайтындығын білдірді
Ал бұған дейін Босқындар мен мигранттар жөнінде жасалған Нью-Йорк декларациясынан шыққысы келетіндігін мәлімдеді.
- Нью-Йорк декларациясында АҚШ-тың иммиграция, босқындарды қабылдау саласындағы заңнамасы мен әкімшілік қағидаларына сәйкес келмейтін баптар бар. Сол себепті АҚШ президенті Трамп 2018 жылға қабылдаған БҰҰ-ның келісімшартына қол қоюдан бас тартады, - деп хабарлады АҚШ баспасөз өкілдері.
Ал Вашингтон билігі «елге кімнің кіріп, ал кімнің шығатынын» өз үкіметі шешпек.