Каталония тәуелсіздігі жөнінде тағы бір референдум болуы мүмкін
Каталония автономиясының бұрынғы басшысы Карлес Пучдемон Испания Парламентінде 21 желтоқсан күні тағы да сайлау өтетіндігін хабарлады
El Pais газетінің жазуына қарағанда, Каталония басшысы парламенттегі бұл талқылауды өз пайдасына шешкісі келетін сыңайлы. Сондықтан халыққа үндеу тастап, тәуелсіздік алуға атсалысуға шақырған.
- Біз өз мемлекетімізді өзгертуіміз қажет. ХХ ғасырдың құндылықтарымен өмір сүретін елдің сана-сезімін ауыстырып, ХХІ ғасырдың құндылықтарын бойға сіңіру керек, - дейді Пучдемон өз үндеуінде.
Айта кету керек, Пучдемон қазанның басында болған көтеріліске байланысты өз қызметінен босатылған болатын.