27 қарашаға арналған әлемдік жаңалықтар легі
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады
Индонезия тұрғындарына жанартау қауіп төндіруде
Индонезия билігі хабарлағандай, Бали аралындағы Агунг жанартауының атқылауы ең жоғары дәрежелі қауіпке жеткен.
- Жанартау атқылауына байланысты туындаған қауіп ең жоғары деңгейге жетті, - деп хабарлайды елдің басты жанартаушысы Геде Суантика.
Оның айтуынша жерасты соққылары жиі бақылануда. Орын алған жағдайға байланысты Балидегі халықаралық әуежайды жабу туралы шешім қабылданған.
Жексенбі күні оннан аса халықаралық және бірнеше жергілікті әуе рейстерінің тоқтатылғаны хабарланған.
Сенбі күні аптасына екінші рет жанартау жарылысы орын алып, оның күлі 1,5 шақырымға дейін көтерілген. Айналадағы жергілікті мекендер тегіс күлмен көмкерілген.
Билік өкілдері жанартауға 7,5 шақырымдағы жергілікті мекендерді көшіру туралы шешім қабылдаған.
Айта кету керек, Агунга жанартауы 1963 жылы атқылап, мыңнан аса адам қаза тапқан болатын.
«Соңғы батыр» Ресейдің ең кассалы фильмі атанды
Кино саласының өкілдері Ресейдегі ең кассалы жетекшілердің орны ауысқанын хабарлады. Kinobusiness порталының хабарлауынша, рейтингтің ең жоғарғы сатысында Дмитрий Дьяченко түсірген «Соңғы батыр» тұр.
Фильм 1,672 млрд рубль касса алып келген. Бұл төрт жыл қатарынан рекордты ұстанып келген Федор Бондарчуктың «Сталинград» фильмін басып озды.
Астанада автокөлік үйге соғылды
Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Софья Қылышбекова хабарлағандай, ЖКО 26 қараша күні түнде Жаңа қоныс және Бабатай ұлы көшелерінің қиылысында орын алған.
«Лада» автокөлігінің жүргізушісі басқарудан айрылып, дуалды қағып өтіп, үй қабырғасына соғылды. 29 жастағы жүргізугі мен 27 жастағы жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. 26 қараша күні 12.00 шамасында жолаушы алған жарақаттарына байланысты көз жұмды.
«Балалар Еурокөрсетілімінде» ресейлік Полина Богусевич ең үздік атанды
Қыз бала Тбилиси қаласында өткен үздік байқауда бірінші орынды иеленді. «Қанаттар» композициясын орындаған қыз 188 балға ие болып, екінші қарсыласы – грузиндік Григол Кипшидзені басып озды. Ол 185 бал алған еді.
Үздік үшінші орын 172 балмен австралиялық Изабелла Кларк тиді.
«Балалар Еурокөрсетілімі» өзінің 15-ші мәрте байқауында алғаг рет Грузияда өтті. Тамаша көрсетілімнің басты ұраны - «Нұрлана түс» болды.
Следующая →
Тақырыптар:
Утренняя панорама мировых новостей Детское Евровидение ДТП в Астане Вулкан в Индонезии Фильм "Последний богатырь"