Ресей ғарышы мен S7 орбиталық ғарыш айлағын тұрғызады
S7 компаниясының тобы мен «Ресей ғарашы» мемлекеттік корпорациясы орбиталық ғарыш айлағын тұрғызу туралы келісімге келді, Бұл туралы «Известия» газеті хабарлайды
Жуықта «Ресей ғарышы» басшысы Игорь Комаров пен « S7 Ғарыш көлік жүйесі» бас директоры Сергей Сопов келісімге келген.
- Біз S7-мен бірге бұрыннан жұмыс істеп келеміз және ынтымақтастығымызды жалғастырамыз, - дейді «Ресей ғарышы» баспасөз қызметі.
Ынтымақтастық туралы келісім аясында, коп функциялы орбиталық кешен тұрғызылса, ол «Теңіз старты» ғарыш-зымыран кешенін ұшыруға да бағытталады.
Дегенмен S7 тобы мұндай жоспарлар туралы сақтықпен айтады.
- Мүмкін. Қазір айту қиын, - дейді S7 өкілі.
Газет ақпарат көзінің хабарлауынша, бұл кешен Жер орбитасында ғарыш нысандарын ұшыруға, жинауға, отын құюға, жабдықтауға және қызмет көрсетуге пайдаланылады.
Следующая →